ЖЕТПІС жылдан соң

1940 жылы Польшаның Освенцим қаласында тікелей Адольф Гитлердің нұсқауымен концентрациялық лагерь (Аушвиц деп те аталады)  тұрғызылады.

Ұлы Отан соғысы кезінде осы лагерьге кеңестік және өзге де елдердегі тұтқын жауынгерлерді, әйелдерді әкеліп қамайды. Әкелінген тұтқындарды қақпадан ішке кіргізген уақыттан бастап, оларды үш топқа бөледі, бірінші топта­ғылар өздігінен жүре алмайтын ауыр жарақаты барлар мен қарттар, екінші топқа өздігінен жүре алатын жарақаты барлар, үшінші топқа жара­қаты жеңіл және жұмысқа жарай­тындардан еді. Бірінші топтағылармен көп әуре болмай-ақ, бөліп алған күйі атып тастайды. Күнде азаптау мен қорлық және ауыр жұмыс­тан соң  мардымсыз тамақтан көп тұт­қындар қайтыс болады, оларды арнайы крематорийде өртеп жатады.

Мәселе, сол тұтқындардың арасында бір әйелдің келешегіне сеніммен қарап, әйтеуір осы өлім лагерінен тірі шы­ғатындай болса, қажетіме жаратамын деген оймен өзіндегі ең қымбат заттарын жасыруға тырысады. Әдетте Освенцимға әкелінген тұтқындарды мұқият тексеріп, олардағы жарамды заттардың бәрін алып қоятын. Мына бір темір саптыаяқ жетпіс жылдан астам уақыт Освенцимдегі мұражайдың жәдігері ретінде тұратын. Арада жетпіс жыл өткеннен кейін әлгі саптыаяқтың түбі шіриді. Мұражай қызметкерлерінің бірі оны орнынан қозғамақ болғанда, оның жай саптыаяқ емес, түбі екі қабаттан тұратыны, түбіне осы саптыаяқтың иесі өзінің алтын жүзігі мен әшекейлі мойыналқасын жасырып қойғаны белгілі болды.

Мұражай қызметкерлері әлгі зат­тарды тазартып, мұражайдың жәдігері ретінде қайтадан саптыаяқтың қасына қойды.

 

Тәржімалаған –

Қыдырбай ЖҰМӘДІЛҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *