ЖЕТІСУДЫҢ ЖІГЕРЛІ ҚЫЗЫ

10Қазақстан ауыр атлет­те­рінің «дәстүрге айналған», Олимпиада­дағы жүлделі жолын Риода Жетісудың жігерлі қызы Карина Го­ричева бастап берді. Зіл­те­мірші қыздар арасында 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Карина алдына Қытай, Солтүстік Корея өкілдерін жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Олимпиада қарсаңында «ауыр соққы» алған Қазақстан зілтемір командасына Каринаның қоласы алтынға бергісіз болып тұр. Қос қола жүлдемен қанаттанған Бас бапкер Алексей Ни «Риодан әлі алтын мен күміс алып қайтамыз» деп отыр. Ал әзірге қоржынға қола жүлде салған Карина Горичева. Рио төрінде 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Карина қыз қоссайыс қорытынды­сында 243 келі көтерді. Жұлқа көтеруде – 111 келі, серпе көтеру жаттығуында – 132 келі. Олимпиада ғана емес, ересектер арасындағы халықаралық додаларда жүлдеге ілікпеген Карина қыз осылай «айды аспанға бір-ақ шығарды». Біздің зілтеміршінің алдын ораған қытай, корей қыздары өте тәжірибелі, Олимпиада, Әлем чемпиондары. Олардың ат  үркітер атақтарынан қорықпаған Жетісудың жігерлі қызы Карина Қазақстан ауыр атлетика мектебінің қандай екенін көрсетті.

Алда жеңісті күндерің көп болсын, Карина!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *