«ЖЕТІСУ ИНВЕСТ —2016» ФОРУМЫ

8899Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен  «Жетісу Инвест -2016: Жібек жолының өркендеуі арқылы жаңа мүмкіндіктерге» халықаралық инвестициялық форумы өтті.

Форумға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қала­сының әкімі Бауыржан Байбек, Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев, ҚР ИД вице-министрі Ерлан Хаиров, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Мәмин, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы А. Мырзахметов қатысты.

Өңірдің инвестициялық мүмкін­діктері ұсынылған бұл шарада  бизнес қоғамдас­тықтың, халықаралық қаржы ұйымдарының  400-ден астам өкілдері  бас қосты. Пленарлық отырысты ашқан А.Баталов инвесторларды тарту аясындағы жұмыс нәтижелері туралы айтып берді.  «Соңғы жылдары бизнес тарапы­нан Алматы облысына қызығу­шылықтың тұрақты өсімі байқалады. Сонымен, 2015 жылы инвестиция көлемі (490 млрд теңге) бойынша облыс республикада 4-орынға шықты. Бұл 2014 жылғы деңгейден 105,3%  физикалық көлем индексімен 37 млрд теңгеден асады. Тұтастай, 2015 жылы сомасы 34,7 млрд теңгеге 170 инвестициялық жоба іске асырылды. 3,6 мың жұмыс орны құрылды. Биыл сомасы 94 млрд теңгеге 115 жоба жоспарланған. Бұл 4,4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2016 жылдан бастап 2020 жылдар аралығында барлығы 23 мың жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеден астам сомаға 443 жоба іске асыруды күтіп отырмыз», — деді өңір бас­шысы. Амандық Баталовтың  айтуынша,  Алматы облысының тиімді геогра­фиялық жағдайы заманауи технологияларды пайдаланып, 100 млн астам адамды өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен.

Алматы облысының табиғи-климат­тық, аграрлық-индустриалдық бағытты­лығын ескерсек, инвестицияның негізгі бағыттары ауыл шаруашылығы өнім­дерін қарқындату, оның өнімдерін тереңнен қайта өңдеу болып табылады. Жүгері өндірісі, сүт-тауарлық фермалар, қайта өңдейтін кәсіпорындар құру, туризм, әлеуметтік нысандар саласында, сондай-ақ жел, күн электр стансасын салуда өңірдің өсім әлеуеті жоғары екендігі атап өтілді.  Форум аясында панелдік секциялар ұйымдастырылды, онда Алматы облысында агроөнеркәсіп кешенін, мемлекеттік-жеке әріптестік, шеберлік жоспарын құру, МЖӘ тетігін қолдану, туризм, көлік логистикасы, энергияның жаңартылған көздерін дамыту басымдығы мәселелері талқы­ланды.

Форум қорытындысы бойынша Алматы және Жамбыл облыстары әкімдіктері арасында ынтымақтастық туралы меморан­думға қол қойылып,  жалпы сомасы 1,202 млрд АҚШ дол­ларынан асатын қаражатқа түрлі салалардағы қызметті жүзеге асыратын компаниялармен бірқатар меморан­думдар жасалды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *