Жетісу абзал жандарын ардақтады

Рая ЕСКЕНДІР

 

Жаз айының алғашқы мерекесі ақ желеңді абзал жандарға арналады. Адам жанының арашашысы болып, дәрімен ғана емес, жылы сөзімен де емдей білетін дәрігерлер Жетісу ауданындағы емдеу мекеме­лерінде де өте көп. Денсаулық саласы қызмет­кер­лерінің төл мере­кесіне орай Жетісу ауданының әкімдігі салта­натты қабылдау ұйымдастырды.

Салтанатты іс-шараға қалалық Денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы С.Мусинов, Жетісу ауданы әкімінің аппарат жетекшісі В.Вавилин, «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының өкілі Ф.Омарбекова, Жетісу аудандық әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Е.Давов қатысты. Мереке қарсаңында аудан аумағындағы медициналық мекемелерде «Үздік маман» атты сайыс ұйымдастырылған еді. Өзінің біліктілігімен, жан-жақты іскерлігімен көзге түскен өз ісінің нағыз мамандары аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Олардың қатарында №11 қалалық емханасының балалар бойынша бас дәрігерінің орынбасары – Алмаш Ардабаеваға, №11 қалалық емханасы Оқушылардың денсаулығын сақтау орталығы бөлімшесінің меңгерушісі – Әлия Сауқымбаеваға, №11 қалалық емханасының балалар дәрігер-хирургі – Малик Губеевке, «Құлагер» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының учаскелік мейірбикесі – Алмагүл Дүйсебековаға, №21 қалалық емханасы бөлімшесінің меңгерушісі – Дина Адыбаеваға, «Құлагер» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының жалпы практика дәрігері – Үміт Асыловаға мақтау қағаздары мен гүл шоқтарын аудан әкімінің атынан барлық жеңімпаздарға Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы Вячеслав Вавилин табыстады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *