Жетістіктер аз емес

Бірақ атқарылар іс-шаралар одан да көп

Бостандық ауданының әкімі Алтай РАХЫМБЕТОВ тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулерін түйіндеді. Алматы Энергетика және байланыс университетінің ғимаратында өткен қорытынды басқосуға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман ҚЫРЫҚБАЕВ қатысты.

Нұржамал ӘЛІШЕВА

– Өткен жыл ұлттық тарихы­мыз­ды ұлықтау мен бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер және табысты жыл болды, – деп бас­таған аудан әкімі 2018 жылдың әлеу­меттік-экономикалық даму көр­сет­кіштерін саралап, талдаған баян­да­масын оқыды. Сондай-ақ, Мемле­кет басшысының Жолдауларында айтыл­ған тапсырмалардың, оның ішінде мемлекеттік және қалалық бағдарла­малардың орындалу бары­сына тоқталып, азаматтардың өті­ніштерін сараптау және тұрғындардың есеп беру кездесулерінде көтерген тілек-ұсыныстарын орындау бойынша атқарылған жұмыстарға баса назар аударды.

Иә, қол жеткізілген жетістіктер аз емес. Бірақ атқарылар іс-шаралар одан да көп. Сондықтан аудан әкімі:

– Осындай кездесулер өздеріңіз­бен жүздесіп, өткен жылдың жетіс­тіктерін қорытындылап, келер жылы атқарылуы тиіс жұмыстарымызды сіз­дермен бірлесіп талқылауға мүм­кіндік береді, – деп, өзіне әрдайым қолдау білдіріп отыратын халықты алдағы міндет-мақсаттарды да «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы­ға­рып», бірігіп атқаруға шақырды.

Қорытынды есеп беру кездесуіне 500-ден аса адам қатысып, 10 сұрақ қойылып, 1  ұсыныс берілді. Тұр­ғын­дар тарапынан қойылған сұрақ­тардың дені әлеуметтік мәселелерге байла­нысты болды. Ел-жұрт сумен жаб­дық­тау нысандарын жөндеу, мек­тептер мен балабақшаларды кеңейтіп, қосымша ғимараттар салу, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу, аулаларды, спорт алаңдарын жөндеу сынды өзекті тақырыптарды көтерді.

Жалпы, Бостандық ауданының әкімі А.Рахымбетов 15 қаңтардан           1 ақпанға дейінгі аралықта барлығы 7 есеп беру кездесуін өткізді. Оған 2315 тұрғын қатысып, 84 адам шығып сөйледі. Ауызша және жаз­баша түрде 130 сұрақ қойылған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *