ЖЕТІСТІГІ МОЛ, БОЛАШАҒЫ ЗОР

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазіргі тыныс- тіршілігі туралы айтқанда, біз «алғашқы» деген сөзді жиі қолданамыз. Міне, биылғы жылы да аталмыш оқу орны өзінің әлемдік рейтингін биікке көтеріп, беделді агенттік – World Unіversіty Rankіngs (Ұлыбритания) зерттеуінің нәтижесі бойынша тағы да 16 орынға алға жылжып, әлемнің 800 үздік жоғары оқу орнының арасында 220-орынды иеленді. Айта кетсек, ЖОО дамуын бағалау саласының көшбасшысы – QS рейтингтік агенттігінің бұл көрсеткіш тізіміне бұрынғы кеңестік республикалардан тек екі университет қана – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.Ломоносов атындағы ММУ (РФ) кірген.

Талғат МЕКЕБАЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы

 

Еліміздегі жоғары білім көрсеткішіне айналды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін Қазақстан жоғары оқу орындарының арасынан кем дегенде екі университеттің әлем университеттерінің үздік 200 тобына кіруі жөнінде міндет қойғаны белгілі. Соңғы бес жылда ҚазҰУ «QS WUR» рейтингінде 400 орынға алға жылжыды. Әлемдік тәжірибеде бірде-бір жоғары оқу орны осындай өсу қарқынына қол жеткізе алған жоқ. Сондықтан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшін 200 үздік тобы тым алыс меже емес. Осындай толағай табыс­тарға қол жеткізу ауқымды құрылымдық жаңғыртулар мен айрықша инфрақұрылымның қарқынды дамуына бағдарланған басқарудың тиімділігінің нәтижесінде жүзеге асырылып келеді. Олар соңғы бес жылда 40%-ға өсті. Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне көшу бағытын ұстана отырып, ҚазҰУ медициналық-биологиялық және инновациялық ІT-кластерді қалыптастыру бағытында жұмыс атқаруда, оның негізі жаңа суперкомпьютер болмақ.

Университеттің әлемдік деңгейдегі таны­малдығы – БҰҰ-ның «Академиялық ықпал­дастық» атты Ғаламдық Хаб бағдарла­масына қабылданған Қазақстан­дағы алғашқы жоғары оқу орны атануы сынды ҚазҰУ-дың белсенді қызметімен және халықаралық жобалармен тығыз байланысты. Оның ішінде ҚазҰУ ұсынған төртінші буын өкілдеріне арнал­ған өз бойына білім беру, зерттеу, инновациялық кәсіпкерлік және рухани-адамгершілік секілді төрт ком­понентті біріктірген «Университет 4.0.» жаңа буындағы жоғары оқу орнының моделі бар.

Қазіргі таңда ҚазҰУ-дың үздік жетістіктері мен тәжірибесін әлемдік деңгейдегі жетекші университеттер зерттеуде. Бұл – университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігінің нақты көрсет­кіші. Ғаламдық ғылым мен білім кеңісті­гіндегі қазақстандық жоғары оқу орнының ықпалды рөлін ескере отырып, «QS Worldwіde» атқарушы кеңесі 2019 жылғы қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында жоғары оқу орындары­ның бүкіләлемдік форумы мен халық­аралық көрмесін өткізу туралы шешім қабылдады. Мұндай 2 ауқымды шараны өткізу – Қазақстанның білім берудегі сапалық белгісінің жоғары екендігінің айқын дәлелі. Осындай халықаралық ауқымдағы іс-шараның әлемге еліміздің жоғары білім жүйесін танытуға өз септігін тигізетіні сөзсіз.

Осынау жетістіктер аясында айта кетер тағы бір жәйт, QS агенттігі өткізген тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша ҚазҰУ – 2018 жылы «QS Stars Develop­ment Road map» халықаралық рейтингінде «Төрт жұлдыз» артықшылығын алған Қазақстандағы алғашқы және Орталық Азия өңіріндегі жалғыз оқу орны. 0-ден бастап, 5-ке дейінгі QS рейтингі жұл­дыздары 50-ге жуық көрсеткішті жан-жақты талдау нәтижелері бойынша жоға­ры оқу орнына берілетіндігін атап өту қажет.

QS «Төрт жұлдыз» артықшылығы белгісін беру – ҚазҰУ-дың жоғары халықаралық беделінің қаншалықты салмақты екендігін және ғаламдық ғылы­ми-білім беру кеңістігінде көшбасшылық орнын һәм серпінді бағыттарын танытуға және ЖОО таңдаушы талапкерлерге бағ­дар беруге көмектеседі. Мысалы, ҚазҰУ-ге бірқатар көрсеткіштер: білім беру қыз­меттерін көрсету, интернацио­налдандыру деңгейі, инфрақұрылымды дамыту және инклюзивтік білім бойынша ең жоғары баға – «5 жұлдыз» берілді. Сонымен қатар, QS төрт жұлдызының тек ТМД елдерінің бес жоғары оқу орнында – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ресейдің төрт университетінде ғана бар екендігін атап өткен абзал.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – QS пәндік рейтингінде гуманитарлық ғылым­дар бойынша 150 топ университеттер қатарына енген Қазақстанның жалғыз оқу орны. QS «WUR bySubject» рейтингінің нәтижесі бойынша ҚазҰУ тұңғыш рет «Заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша әлемнің үздік жоғары оқу орындарының 101-150 тобына кірді. Бұл – әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне көшу бойынша ҚазҰУ жүргізген жүйелі қызметтің нәтижесі.

 

БҰҰ Бағдарламасының Ғаламдық Хабын басқарады

Ұлттық рейтингтерде де біздің уни­верситет жетекші орындарды алады – «Инновациялар мен академиялық артық­шылық» бойынша Қазақстан–2050 Ұлт­тық рейтингінде көпбейінді универ­ситет­тер санатында 1-орын. Республи­калық рейтингтік агенттік университеттің бар­лық класcикалық өзекті миссияларын бағалайды. Бұл – академиялық және ғылыми-инновациялық қызмет, интерна­ционалдандыру, түлектердің қажеттілігі, интернет-ресурс (Webometrіcs).

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2020 жылға дейін тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпалдастық» БҰҰ Бағдарламасының Ғаламдық Хабын басқаратын болады. Бұл шешім тұрақты даму саласындағы университеттің жемісті басшылық қызметінің нәтижелері негі­зінде қабылданды. БҰҰ-ның «Академия­лық ықпал­дастық» бағдарламасы адамзат өркениетінің дамуын қамтамасыз ету бойынша он қағидатты іске асыру үшін әлемнің жоғары оқу орындарын бірік­тіреді.

Университетте әлемдік білім кеңіс­тігін­дегі интеграция үдерісі табысты жү­зеге асуда, алайда, бұл ретте білім мен ғы­лым саласындағы көшбасшылық өз елі­міздегі мәселелерді назардан тыс қалдыр­мауды талап етеді. Бірінші 3 кезекте бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты. Мемлекет басшысы ұсынған сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары­ның ҚазҰУ студенттері мен оқытушы­ларын бей-жай қалдырмағандығын атап өтуге болады және қазіргі уақытта қоға­мымыз үшін маңызды бағдарламаны іске асыруға осы білім ордасы белсенді атсалысуда.

Жаңа оқу жылындағы университет қызметі Елбасының «Қазақстандық­тардың әл-ауқаты­ның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жол­дауының ережелеріне сүйенетін болады. Президенттің жаңа бастамалары, әсіресе кәсіби кадрларды даярлау саласында қойылған міндеттер елдің жетекші жоғары оқу орны оқытушылары мен студент­терінің үлкен қызығушылығын туғызды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Президент Жолдауында адам капиталының сапалы өсуі үшін жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударғандығын атап көрсетті. Білімге, ғылымға және денсау­лықты сақтауға шығыстарды ішкі ұлттық өнімнің 10%-ға дейін жеткізу – елдің әлеуметтік дамуын айқындайтын өзекті салаларға қуатты серпін береді. Қазақстан жоғары оқу орындарындағы даярлау са­пасына қойылатын талаптарды арттырды. Осыған байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазірдің өзінде білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етуге тиіс жаңа буындағы университет моделін – «4.0 университетін» іске асыруда. Мемлекеттік даму бағдарламасының шеңберінде экономиканы жаңғыртуға және жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған төртінші буын индустриясы үшін осы оқу жылынан бастап ҚазҰУ-да е-коммерция, цифрлық лингвистика, Bіgdata, жасанды интеллект, геоинформатика, заттар интер­неті, биоинформатика сияқты мүлдем жаңа оқу бағдарламалары енгізілуде. АХҚО-мен және Хамада бен Халифа университетімен (Катар) бірлесе отырып, ислам қаржысы бойынша магистрлік бағдарлама іске асырыла бастады.

Өткен жылдың 28 ақпанында Нұр­сұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановпен кездесті. Жүздесу барысында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы­ның басым бағыттарына сәйкес универ­ситеттің ғылыми әлеуетінің даму мәсе­лелері және кадрларды даярлау барысы талқы­ланды. Мемлекет басшысы универ­ситет атқарған жұмыс нәтижелерін атап өтіп, жоғары оқу орындарының ғаламдық экономикалық және технологиялық өзгерістерге бейімделген жас мамандарды дайындау мәселесі жайлы ой қозғап: «Ұзақ уақыт бойында Сіз еліміздің ең ірі және басты университеттерінің бірін басқарып келесіз. Мұнда шет елден оқуға келеді. Қазақ­стан жоғары оқу орын­дарының арасында уни­верситет жоғары рейтингке ие», – деді.

Осы кездесу барысында Президентіміз Н.Назарбаевқа университет ректоры Ғ.Мұтан­ұлы жоғары оқу орнының өзгерісі және заманауи талаптарға оқу процесін бейімдеу нәтижелері туралы баяндады. «Біздің негізгі мақсат – жоғары оқу орнын әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті етіп қайта ұйымдастыру. Бұл тек жетекші мамандарды даярлауды ғана емес, сондай-ақ 4 ғылым мен инновацияларды дамыту­ды қамтиды. Жалпы, университеттер инновациялық экономиканың драйверлері болуға тиіс» деді. Ғалымқайыр Мұтанұлы Елба­сына ІT және жаңа технологиялар саласындағы жобалардың іске асырылуы туралы баяндап, сонымен бірге универ­ситет базасында құрылған ІT-технопарк аясында ЖОО арасындағы өзара ын­тымақтастық үрдісін қалып­тастыру жайын да атап өтті.

 

Бірінші болып постдокторантура бағдарламасын ашты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – білім беру грант иегерлерінің саны бойынша еліміздегі жоғары оқу орындары арасында жеке-дара көшбасшы. Биылғы жылы мектеп бітіруші түлектердің 6,6 мыңға жуығы ҚазҰУ-ды таңдап, мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Олардың басым бөлігі – «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Бұл – қазақстандық жоғары білім тарихындағы рекордтық көрсеткіш әрі университетке деген жоғары сенімді 5 білдіреді. Талап­тары жоғары конкурс радиотехника, электроника және телекоммуникация, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, туризм, химия­лық техно­логиялар сияқты мамандық­тарында да болды. Түлектер арасында халық­аралық қатынастар мен құқық, заңтану, қаржы­гер, есеп және аудит, экономика сияқты маман­дықтар жоғары сұранысқа ие. Магистратура мен докторантураға түсу үшін де әдеттегідей, үлкен конкурс болды. Кейбір мамандықтар бойынша үміткерлер саны бір орынға 15-20 адамға дейін жетті. Шетелдік азаматтар да әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-де сапалы білім алу үшін көбірек ниет білдіруде. Бұған оқу орны­ның әлемдік рейтингтердегі жоғары көрсеткіштері, ағылшын тілінде оқыту және қос дипломдық бағдар­ламаны іске асыруы септігін тигізіп отыр. Қазіргі уақытта 600-ге жуық шет ел азаматтары әр түрлі бағдарламалар бойынша құжат тапсырып, студент қатарына қосылды.

Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындай отыра, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан жоғары оқу орын­дары­ның арасынан бірінші болып постдок­торантура бағдарламасын ашты. Осы маңызды қадам университетті әлемдік деңгейдегі озық зерттеу университеті ретінде дамытуға және ғаламдық ғылым-білім кеңістігінде қазақстандық ғылым­ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Қазақстандық авторлардың ұжымы қысқа уақыт үзігінде бериллийді алу бойынша айрықша технологияларда АҚШ-тың үш патентін алды. Осындай табысқа – бір ғылыми-технологиялық бағыт бойынша үш дәйекті патентті растауды тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл бұрынғы кеңестік кеңістікте бірде-бір зерттеу тобы ала алған жоқ, бұл тағы да халықаралық көлемде отандық ғалымдар жүргізген зерттеулер­дің үлкен басымдығын көрсетеді. Осы­лайша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалымдар ұжымы университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтан­ұлының басшылығымен бериллийді алу бойынша жаңа технологияларды әзірледі, ең тиімді, үнемді және айрықша технология халықаралық жүйеде мойындатып, АҚШ патентін алды. Алынған патент авторлар ұжымы үшін үшінші халықаралық АҚШ патенті болып табылады. Екі патент бұрынырақ Үлбі металлургиялық зауы­тының жанындағы берилий зертхана­сының қызметкерлерімен және Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Шы­ғыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдарымен бірлесе отырып алынған болатын. Жалпы, автор­лық ұжымның инновациялық зерттеулері әлемдік ауқымдағы 2 жаңалық материал­дарымен, 10 технологиямен, 18 патент­пен, 4 алдын-ала патентпен және 9 енгізу актісімен расталды.

Мені, кәсіподақ төрағасы ретінде ЖОО басшылығының ғаламдық міндет­терді шешкен кезде әлеуметтік мәселе­лерді де ұмытпай­тындығы қуантады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті кампусының аумағында 1287 орынды жаңа жатақхананың құрылысы жоспарлануда. Айтпақшы, биылғы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әлеуметтік жауап­кершіліктегі университеттер желісі (USRN)» беделді ұйымының мүшесі болды. Ол Манчестер және Кембридж университеттері, (Ұлы­британия), Пекин университеті (КХР), Гонконг политехни­калық университеті, Вашингтон универ­ситеті (АҚШ), Сан-Паулу университеті (Бразилия) сияқты белгілі жоғары оқу орындарын біріктіреді.

Университеттің спорт-сауықтыру кешені студенттер мен қызметкерлерді сауықтырумен шұғылданады, денешы­нықтыру кафедрасында оқу-жаттығу процесін қамтамасыз етеді. 22 спорт түрі бойынша кез-келген деңгей мен дәре­жедегі жарыстарды қабылдайды және қамтамасыз етеді. Кешеннің жалпы алаңы 7250 ш.м. Жеке база спорттың бұқара­лылығын айтарлықтай арттырып, түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары көр­сеткіштер қатарын молайтуға мүмкіндік тудырады. Оның нәтижесін айғақтайтын мысалдарды алға тартсақ, мәселен Джа­картадағы 2018 жылғы жазғы Азия 7 ойын­дарында қазақстандық палуандар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Нұрмахан Тыналиев пен Алмат Кебісбаев күміс медалді иеленді. Тағы бір маңызды жеңіс, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сту­денті, Рио–2016 Олимпиадалық ойындары қола медалінің иегері Эльмира Сыз­дықованың еншісінде. Джакартадағы Азия ойындарында ол қола медалді жеңіп алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті, Рио–2016 Олимпиадасының чемпионы, 2014 жылғы Азия ойын­дарының чемпионы Дмитрий Баландин 50 және 100 метр қашықтыққа құлаштап жүзуден қола медалді иеленді. Сондай-ақ, құрама қоржынын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Әділбек Мусин 52 метр қашықтыққа шалқалай жүзуден қола медальмен толықтырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 3-курс студенті Жұбатқан Сұңғат Шолпан Атада (Қырғызстан) өткен жастар арасындағы дзюдо бойынша жарыста Азия Кубогінің алтын жүлдегері атанды. Алматы қаласы жоғары оқу орындары арасында бадмин­тон бойынша жарыстарда Механика-математика факультетінің 4-курс студенті Дмитрий Маликов жеңімпаз атанды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің жетекші оқу орындарының қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Қазіргі таңда әлемнің үздік жоғары оқу орындарының арасынан өз орнын ойып тұрып алған ҚазҰУ сынды білім ордасы өз елінің және тұтас өңірлердің дамуын айқын­дайды. Біздің университет өзекті салаларды және жетекші экономика салаларын бәсекеге қабілетті мамандармен толықтыруда зор мүмкіндікке ие деп санайды университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы. Уни­верситет қызметкерлері мен студенттері осы келешегі зор мақсаттың жүзеге асуы үшін белсене қызмет атқаратындығына сенім мол.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *