ЖЕТІНШІ АУДАН ЖАҚСЫ ӨРІСТЕП КЕЛЕДІ

Алатау ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Азамат  ҚАЛДЫБЕКОВ, Алатау ауданының әкімі

Аудан  аумағында 23 ықшамаудан орналасқан, жалпы көлемі 10 495 гектар, халық саны 265 990 адамды құрайды. Алматының жетінші ауданы негізінен жекеменшік сектордан тұратын қазақи аудан. Мегаполистің әлеуметтік тұрғын үй мәселесі бүгінде Алатау ауданы есебінен шешіліп, жетінші аудан жақсы дамып келеді. Ауданда Алматының Индустриалды аймағы орналасқан.

 

Экономика

Мемлекеттік бюджетке 37 млрд. 94 млн. теңге түсті, жоспар 102%-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 22 млрд. 15 млн. теңге түсті, жоспар 101%-ға орындалды.

Жергілікті бюджетке 15 млрд. 78 млн. теңге түсті, жоспардың орындалуы 103% құрады.

Ауданда 4 ірі-орта, 191 шағын өнеркәсіп кәсіп­орындары орналасқан.

Өнеркәсіптердегі өндірілген өнімнің көлемі 76 млрд. 209 млн. теңгені құрап, жеке индекс көлемі 104,2% болды.

Ауданның негізгі капиталы мен тұрғын үй қорына салынған инвестиция көлемі 102 млрд. 900 млн. тең­гені, бөлшек тауар айналымы 284 млрд. 700 млн. тең­гені, көтерме тауар айналымының көлемі 629 млрд. 500 млн. теңгені құрады.

Аудан бойынша киім өндіру, логистика, қоғамдық тамақтану, көкөніс өсіру, кеңсе техникасын сату сала­ларында бизнес құру үшін 173 млн. теңгеге 11 шағын несие берілді.

 

Қоғамдық көлік

2019 жылы «Саялы-2» ықшамауданында жаңа көпқабатты үйлерге халықтың қоныстануына және халық санының көбеюіне байланысты №57 қоғамдық көліктің жүру бағыты «Саялы-1» ықшамауданынан «Саялы-2» ықшамауданына дейін ұзартылды («Саялы-2» – Рес­публика сарайы), № 69 қоғамдық көліңтің жүру бағыты Жалайыр көшесі бойымен Аршалы көшесіне дейін ұзартылды, бұл 96 жеке тұрғын үйді қамтуға мүмкіндік берді, №102 бағыт Жалайыр көшесі бойымен №23 емха­наның жанындағы Егінсу көшесіне дейін ұзартылды, №201 бағыт Атлетикалық ауылға дейін ұзартылды. Сон­дай-ақ, №414 бағыты №10 бағытқа ауыстырылып, қоғамдық көліктері жаңартылды.

Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 9 аял­дама кешені орнатылды.

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық

 

Құрылыс

 Ауданда 37 300 жеке және 655 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан.

2019 жылы жалпы көлемі 404,7 мың шаршы метрді құрайтын 2635 пәтерден тұратын 30 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына салын­ған инвестиция көлемі 40,305 млн. теңгені құрады.

Өткен жылы 930 проблемалық жер учаскелерінің 724-ін заңдастыру шаралары қабылданды. Қалған 206 жер учаскелері су қорғау аумағында орналасқан. Қазіргі таңда Алматы қаласы Әкімдігі Экология, геология және та­биғи ресурстар министрлігімен бірлесе заңға түзету­лер енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл тағы 145 жер учаскесін заңдастыруға мүмкіндік береді.

Мектептерде орын тапшылығын жою мақсатында 2019 жылы «Нұркент» ықшамауданында 600 орынды №201 мектеп пайдалануға беріліп, ауданның 3 мектебінің ғимараттарына барлығы 1950 орынды қосымша ғима­раттар салынды.

Сонымен қатар, «Нұркент» және «Саялы» ықшамау­дандарында әрқайсысы 320 орынды және «Теректі» ық­шам­ауданында 120 орынды 3 мемлекеттік балабақша са­лынды.

 

Газ желілері

Ауданда 331 шақырым магистральды газ желілері бар және тұрғындардың орталықтандырылған газбен қамтылуы 96%. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз» АҚ «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында және «Энергостроитель» мен «Теплоэнергетик» саяжайларында 6,8 шақырым газ құбыры салынды.

Бүгінгі күні газдандырылмаған үйлердің саны 1407 құрайды. Оның 976 жеке сектор, 431 саяжай.

 

Ауызсу және кәріз жүйелері

Аудан аумағында 756,02 шақырым ауызсу құбыры мен 516,59 шақырым кәріз желілері бар. Қазіргі уақытта 28 650 тұрғын үй, яғни халықтың 79% орталық­тан­дырылған ауызсу құбырларымен және 25 364 үй, яғни халықтың 68% кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген.

 

Электр желілері

 Аудан аумағында 1224,1 шақырым электр желілері бар, халықтың электр желілерімен қамтылуы 100%. Сонымен қатар, «Теректі», «Алғабас», «Рахат-Мәдениет», «Боралдай» ықшамаудандарындағы 157,414 шақырым ұжымдық пайдаланып отырған электр желілері бар. Бұл желілер соттың шешімімен иесіз деп танылды. Аталған желілерді коммуналдық меншікке қабылдау үшін Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына берілді.

 

Жол құрылысы

 2019 жылы 1,074 млрд. теңгеге 19,2 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. Олар: «Шаңырақ-2» ықшамауданында – 7 көше, «Ұлжан-1» ықшамауданында – 10 көше, «Көкқайнар» – 1 көше, «Айгерім» – 1 көше, «Қарасу» – 1 көше және «Дархан» ықшамауданында – 2 көше.

 

Көріктендіру

«Айгерім-1», «Өжет», «Дархан», «Зерделі», «Ақ­бұлақ», «Шаңырақ-2» ықшамаудандарындағы 21 көшеде ұзындығы 6 шақырым арық жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, «Шаңырақ-1, 2», «Айгерім-1, 2», «Борал­дай», «Дархан», «Шапағат», «Томирис» және «Өжет» ықшамаудандарындағы 65 көшеде көше жарығының жаңа құрылысы жүргізілуде.

2020-2021 жылдарға ауданның 401 көшесінде 195 ша­қырым көше жарығының құрылысы жоспарлануда.

 

Білім саласы

Алатау ауданында 28 мектеп жұмыс істейді, онда 45 326 оқушы оқиды.

Өткен оқу жылында 87 үміткер «Алтын белгі» және 82 түлек мектепті үздік аяқтады.

Өткен жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшаларда 10 315 баланың тәрбиеленуіне бюд­жеттен 3 млрд. 404 млн. 242 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, 40 жекеменшік балабақша көп­ба­лалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 75 бала­ны тегін қабылдады.

 

Денсаулық сақтау

5 мемлекеттік және 2 жекеменшік медициналық мекеме жұмыс істейді. Тіркелген халық саны 221 002 адам.

Медициналық тексеруден өткен халық саны – 144 606 адамды құрады.

Аудан бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуі – 81,3% құрайды.

 

Әлеуметтік сала

Ауданда 18 000 зейнеткер, 8 Ұлы Отан соғысының ардагері және 570 еңбек майданына қатысушы, 5639 мүгедек және 1462 мүгедек бала тұрады.

1282 ана наградалармен марапатталды, оның ішінде 374 ана – «Алтын алқа», 738 ана – «Күміс алқа», 85 ана – 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы», 85 ана – «Батыр ана».

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңесті 17 000-нан астам адам алды, АӘК 4 895 отбасына (25 749 адам) 2 млрд. 954 млн. теңге тағайындалды. 2020 жыл­дың басынан бастап көпбалалы отбасылар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы төленеді, яғни 4 ба­лаға – 42 500, 5 балаға – 53 125, 6 балаға – 63 750, 7 балаға – 73 375 теңге.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2433 адам жұмысқа орналастырылды. Өз кәсібін ашуға және дамытуға 100 және 200 АЕК көлемінде 14 шағын несие және 660 грант берілді.

«Бақытты отбасы – Алатау» әлеуметтік орта­лығында 6 228 адам тренингтерге, 2 752 адам көпбалалы отбасыларға арналған курстарда оқып, 162 адам жұмысқа орналастырылды.

«ІSKER ANA» бағдарламасы бойынша 136 көп­балалы ана киім жөндеу, кондитерлік іс, шаштараз, маникюр ісі, балаларды дамыту кітапшаларын дайындау, автокөлік қаптарын тігу сияқты өз бизнестерін ашты.

Сонымен қатар, «Менің кәсібім» жобасы бойынша 11 көпбалалы ана қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы 193 көпбалалы ана «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқудан өтті, оның ішінде 127 әйел 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде грант алды.

 

Құқықбұзушылық

2019 жылы ауданда 6259 құқықбұзушылық тіркелді, ашылуы – 21,5% құрады. Аудан бойынша барлығы 6122 қылмыс тіркелді, ашылуы – 20,0%. 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 8,7%-ға азайды. Қылмыстың негізгі түрлері: адам өлтіру – 9, оның 71,4% ашылды, бөтеннің мүлкін ұрлау – 4993, ашылуы – 16,1%, қарақшылық – 8, ашылуы – 66,7%, тонау – 192, ашылуы – 33,3%, алаяқтық – 524, ашылуы – 43,0%, ұрлау мақсатынсыз көлікті иелену – 72, ашылғаны – 76,9%.

Құқықбұзушылықтың алдын алу және оған қарсы жедел әрекет ету мақсатында Алатау ауданының аумағы 14 патрульдік учаскеге бөлінген және учаскелік полиция пункттері орналасқан.

Сонымен қатар, ауданның 3 ең криминогендік учаскелерінде «Модуль» стационарлық полиция бекеттері орнатылды.

Тұрғындардан  ұсыныстар, ескертулер және пікірлер жинауға арналған арнайы жәшіктер келесі мекен-жайларда орналасқан:

  1. Алматы қаласы, «Әйгерім» шағынауданы,  В.Бенберин көшесі, 52.
  2. Алматы қаласы, «Шаңырақ-2» шағынауданы, Жанқожа батыр көшесі, 202.
  3. Алматы қаласы, «Саялы» шағынауданы, Аққайнар көшесі, 7.
  4. Алматы қаласы, «Ұлжан» шағынауданы. Жалайыр көшесі, 48.
  5. Алматы қаласы, «Ақбұлақ» шағынауданы, Суаткөл, 41.
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *