ЖЕТІ ШАҚЫРЫМДЫҚ САЛТАНАТТЫ ШЕРУ

Жексенбі күні алматылықтар ерекше велопарадтың куәгері болды. Ерекше деуіміздің себебі, мыңдаған алматылық өзінде бар дөңгелек аяқты түрлі көлікпен салтанатты шеруге шықты.

 Әсел ДАҒЖАН

Салауатты өмір салтын насихаттайтын шараға алматылықтар самокат,  скейтборд, сегвеи, ролик және велосипед секілді экологиялық таза әрі денсаулыққа пайдалы небір жеңіл көлік түрімен шықты. Дәл осы бұқаралық спорт шарасы кішкентай спортшыларды да назардан тыс қалдырған жоқ. Олар үшін арнайы жолақ та қарастырылды.

Ересектер велопарадты Абай даңғы­лындағы  цирк алаңынан бастап Орталық мәдениет және демалыс саябағында қоры­тындыласа, балалар үшін  Старт Зенков көшесінен басталды.

Денсаулыққа инвестиция құюды насихат­тайтын көңілді әрі пайдалы велопарадқа келген жұрт түрлі образдардың да куәгері болды.

Ұзын саны 7 шақырымға созылған вело­парад кезінде алматылықтар Абай даңғы­лымен Желтоқсан көшесіне түсіп, Гоголь көше­сінің бойымен Орталық мәдениет және демалыс саябағының алдына дейін жүріп өтті.

Жалпыхалықтық спорттық шара Алматы қаласы Спорт басқармасының тұрғындарды белсенді өмір сүруге насихаттайтын «Алматы спорты» әлеуметтік жобасы аясында өткізілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *