Жеті басымдық – алматылықтардың өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді

Жандос НӘДІРОВ, Қалалық Қан орталығының директоры, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі

 «Алматы–2050» бағдарламасын қуана құптаған еңбек ұжымының бірі Алматы қалалық Қан орталығы.   Орталықтың бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткен  «Алматы–2050» даму стратегиясын талқылау жиынында сөз алған әрбір қызметкер өздерінің туған жеріне айналған  сүйікті қалаларын болашақта дамыту үшін негізге алынып отырған жеті: шетсіз қала, ақылды қала, тең мүмкіндіктер қаласы, қауіпсіз қала, жасыл қала, жаһандық бизнес орталығы және мәдени-шығармашылық қала атты басым бағытқа  айрықша тоқталып, өз пікірлерін ортаға салды. Талқылау кезінде қызметкерлер бағдарламалық құжаттағы алға қойылып отырған барлық міндеттердің жүзеге асатындығына  өз сенімдерін білдірді.  Осы бағдарламада айрықша айтылған мәселенің бірі  халықтың денсаулығын қамтамасыз ету болса,  бұл бағдарлама қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту істерінің алғашқы қадамдары қазірдің өзінде қолға алынып, жүзеге асырылып отыр деуімізге болады. Оның бір дәлелі – осы жылдың тамыз айынан бастап Қала басшысы Б.Сағынтаевтың бастамасымен қолға алынған «Денсаулық айлығы» акциясы. Бұл акция қазан айының 27-сінен  бастап қайта қолға алынып отыр. Бұл айлық, ең алдымен, халықтың медициналық қызметке деген қолжетімділігін арттырса, екінші жағынан әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып, яғни «Алматы–2050» бағдарламасында аталып өткендей, денсаулықты нығайтуға және дамытуға мүмкіндік береді. Алматы қаласындағы емдеу мекемелерінде халық  денсаулығын жақсартуға қажетті барлық мүмкіндіктер бар. Дейтұрғанмен, қала басшысы бұл мүмкіндіктердің өзі Алматыдай  алып жүректі қала үшін жеткіліксіз екендігін атап өтіп, алдағы үш жылда емдеу мекемелерін сапалы және қолжетімді медицинаның жоғары деңгейімен және жаңа жоғары  технологиялы  медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді  бірінші кезектегі басты  міндеттердің бірі етіп отыр. Қала басшысының денсаулық саласына үлкен мән беруі осы сала қызметкерлерін ынталандырып, өз міндеттеріне деген жауапкершіліктерін бұрынғыдан да арттыра түсуде. Бұл ретте  Алматыдағы емдеу мекемелерін қан және оның компоненттерімен қамтамасыз етіп отырған біздің орталықтың да  халық денсаулығын жақсарту ісіне қосып отырған үлесі  зор. Қаламызға қатысты кез-келген бастамалар мен игілікті істерді қолдап,  әр жақсы  бастамада біз де өз үнімізді танытып, жаңа мүмкіндіктерге бірге қол жеткізуге және де осы мақсатта  бірлесіп қызмет атқару жолында  алдымызға үлкен міндеттер қойып отырмыз.  Өйткені, Алматының келешегі еліміздің  келешегі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *