Әжесіне қарағаны үшін

Ресейде жалғызбасты және күтушісі жоқ егде кісілерді, зейнеткерлерді қолдау жүріп жатыр. Еңбекке қабілеті бар адамдарға оларды күтіп-баптағаны үшін ай сайын 10 мың рубль төленеді.

Мұндай тәсіл Ханты-Мансы автоно­мия­лық аймағында кең өріс алған екен. Еңбек министрлігі олардың тәжірибесін Ресей бойынша таратуға кейіп танытып отыр. Бұл іске жастарды көбірек тарту жоспарланған. Өйткені, оларға кәріліктің, қартаюдың не басқа тағдыр құшудың қандай болатынын осы бастан сезіну аса маңызды дейді психологтар.

 

Салық үшін «сыйақы»

Өзбекстанның салық жөніндегі мемле­кеттік комитеті салық төлемей қашып жүргендерді ұстап бергендерге жақсылап сыйақы төлемекші.

Қыркүйектің 11-інде күшіне енетін салық жөніндегі тәртіп бойынша, салығын жасырғандарды көрсет­кендерге сол мекемеге салынған айып­пұлдың 5 пайызынан сыйақы төленеді. Бірақ ол үш айлық орташа айлық көле­мінен, яғни 1,7 млн. сум немесе 180 доллардан артық болмауы керек. Жалған мәліметтер бергендер заң бойынша қатаң жазаланатын болады.

Қ.ИМАН

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *