Жергілікті қарбыздар тамыз айында ғана толық піседі

Құттыбек АЙМАХАН

 

Өткен аптада қала сауда орындарында алғашқы қарбыздар сатыла бастады. Осы ретте Алматы қаласы қоғам­дық денсау­лықты қорғау департаменті қызметкерлері шаһар жұртшылығын «ерте піскен» бұл бақша өнімдерін сатып алудан әзірге бас тарта тұруға шақырады.

Оның себебі бәрімізге белгілі. Бірақ соған қарамастан «тәтті өнімді» сатып алып, дәмін татуға асыққандар қатары көбейіп келеді. Соған орай, қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департа­ментінің бас маманы Қарлығаш Әлібаева «Көпшілікке белгілі, ерте пісетін бақша өнімдері құрамында түрлі зиянды нитраттар көп болады. Оны қарбыз сыртындағы ала жолдардан анық білуге болады. Өйткені, онда ақ түсті жолақтар көбірек және ауқымдырақ болып келеді. Оған себеп, мұндай бақша өнімдерінің іші «тезірек қызыл түске енуі үшін» арнайы түрде ден­саулыққа зиянды химиялық тыңайтқыштар жіберіледі. Сондықтан да бізге ерте келетін қарбыздар Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінен әкелініп, оларға осындай айла-әрекеттер жасалады. Әйтпесе, біздің жергілікті қарбыздар тек тамыз айында ғана күн көзінен қуат алып, табиғи түрде пісетінін білген жөн» деп сақтыққа шақырады.

Қысқасы, осыған орай департамент мамандары қала базарлары мен жабайы сауда орындарында рейдтік тексеру жұмыстарын жиілетіп, қарбыздардың және басқа да жемістер мен көкөністер сапасын тексеруді күшейтпек көрінеді. Оған себеп, өткен мамыр айында ерте піскен көкөніс­терден 400 үлгі іріктеліп алынған еді. Соның ішінде мандариндерден, шиелерден, құл­пынайлар мен шабдалылардан нитраттың жоғары көрсеткіші анықталған. Сондықтан да тексеріс нәтижесінде зиянды өнім сатқан екі ұйым жауапкершілікке тарты­лып, 50 мың теңге көлемінде айыппұлдар төледі. Сол себепті, күмәнді өнімдер сау­далаған саудагерлерге қарсы биылғы жылы күрес жұмыстары барынша күшейтілмек.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *