ЖЕРАСТЫ ӨТПЕЛІ ЖОЛЫН ТАНЫМАЙ ҚАЛАСЫЗ!

Алматыда қаланың жерасты өтпелі жолдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталып келеді. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаяу жүргінші инфрақұ­ры­лымын реконструкциялау қарқынын тексеріп, жаңарған жерасты өтпелі жолдарын қарап шықты.

Жаңарған жерасты өтпелі жолдарына диодты жарық көздері мен қозғалыс құрылғылары, музыка шығаратын дыбыс динамикалары орнатылған. Өтпелі жолдардың төбелері арнайы жанбайтын материалдардан жасалған, қабырғалары ашық әдемі суреттермен безендірілген.

Мысалы, Абай мен Абылай хан даңғыл­дарының қиылысындағы жерасты өтпелі жолының қабырғаларына қазақ­тың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың нақылдары жазылған. Республика Сарайына қарама-қарсы орналасқан жерасты өтпелі жолының қабырғасында «Жеті қазына» атты қазақ халқының жеті қазынасы көрініс тапқан.

«Қауіпсіз қала» бағыты аясында жерасты өтпелі жолға жаңа сипаттағы бірнеше бейнекамералар орнатылған. Адамның жүзін анықтай алатын мүмкін­діктерге ие бейнекамералар аудандық ішкі істер басқармаларының бақылау жүйелеріне қосылған.

– Биылғы жылы 160-тан астам көше жөндеуден өтті, енді 600-ден астам аула абаттандырылады. Қаланың тарихи орталығы модернизациялануда. Тек соңғы жылы ғана 800 шақырым инже­нерлік желі жаңарды. Әрине, жөндеу жұмыстарының қала тұрғындарына жай­сыздық тудыруы мүмкін. Мен олардан сәл ғана шыдамдылық танытуды өтіне­мін. Көшелерге реконструкция жүргізу кезінде құрылыс ережесін сақтамаған бірқатар ірі құрылыс ұйымдары айыппұл төледі. Барлық жұмыстар сапалы түрде әрі қысқа мерзімде аяқталатын болады. Кейін осы құрылыс компаниялары «құры­лыс мәдениетін» игеріп, жөндеу жұмыстарын қала тұрғындарына білдір­мей жүргізетін болады, – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *