ЖЕР АСТЫНДАҒЫ КЕРЕМЕТТЕР

Қазір байқап-көріп жүрміз, Алматы қаласы күн өткен сайын көркейіп, әсем шаһар бейнесіне түсіп келеді. Тіпті, басқасын айтпағанда, қаладағы жерасты өткелдердің өзі қараған көздің жауын алатындай болып түрленіп жатыр. Міне, осының бәрі алматылықтар мен қала қонақтарының көзін сүріндіріп, бей-жай қалдырар емес.

Бәрімізге белгілі, өткен жылдың тамыз айынан бастап мегаполистегі көпшілік жерасты өткел жолдары түгелдей жөндеуден өтіп, қайта жаңартыла бастады. Бұған әсіресе қала жастары ерекше қуанып, жаңарып-жасара бастаған сүйікті қаламыз үшін мақтанатын күйге жетті. Өйткені, шыны керек, қаламның бұрынғы жерасты жолдарының кейпі сын көтермейтін. Олай дейтініміз, ол кездері жерасты жолдары – сасық, дымқыл, адам жүрмейтіндей көрік­­сіз болып жататын. Содан болар, жерасты өткелдері бізге суық болып көрініп, оған түсудің өзіне қорқып жүретінбіз.

Ал қазір мұндағы жағдай түбегейлі өзгерген. Өйткені, азып-тозған жерасты өтпелеріне диодты шамдар орнатылып, қозғалыс құралдары мен түрлі музыка шығаратын жаңа дыбыс динамикалармен жабдықталған. Одан қалды, олардың төбелері арнайы жанбайтын материалдар­мен қапталып, жаңаша түрге енген. Сосын бұл жерасты жолдарына кіргенде оның ауасы тазарып, түрлі оюлармен көм­ке­рілген мүлде басқа әлемге тап болғандай әсерге түседі екенсің. Тіпті, жерасты жолда­рынан ұлы Абайдың өлең жолдары мен нақыл сөздерін оқисың. Сондай-ақ, мұнда­ғы қабырғалардан көшпенді қазақтың «Жеті қазына» атты жеті байлығын да тіптен басқа мәнде тамашалай алатының да жасырын емес…

Міне, осы себептерден де бүгінде ару қаламыз жұртқа өзгеше дем бергендей болады. Әрі қаламыз күн санап көркейіп, сұлулана түссе екен деп тілейміз!..

 

Ақерке ДОҒАНОВА,

2-курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *