Жемқорлықты жеңудің тетігі – халықтың өзінде

 

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан  кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Қазақстан Республикасының «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемле­кеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдар  ұжымда­рының, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талапта­рының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқықбұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған,  ең алдымен,  қызметшілердің білім деңгейі­нің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқықбұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдепті­лігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мем­лекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргіз­беуі де жемқорлықтың тамырын терең­дете түседі.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасын­дағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдар­дың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі – халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке қарсы атсалысып, жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолдану­дың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жат­қанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы, мемлекеттік қызметкері Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге мін­детті.

2018 жылғы 10 қаңтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назар­баевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкіндік­тері»  атты Жолдауындағы тоғызыншы міндеттің бірі, ол – «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі». Жем­қорлықтың алдын алуға бағытталған күрес  және сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрлан­дыру маңызды болып саналады.  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының әр азаматы өзінің мемлекетінің өркендеуіне атсалысып, жемқорлыққа қарсы саясат­ты қолдау мемлекетімнің алдындағы азаматтық борышым деп ұғыну қажет.

 

Е.Таркинский,

Түрксіб ауданы  қоғамдық  денсаулық

сақтау басқармасының басшысы.

И.Тоқбергенова,

Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің басшысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *