Жемқорлыққа қарсы бірқатар шаралар өтті

Алмалы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны аясында бірқатар шаралар өтті

«Адал жол» марафонының негізгі мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.  Осы мақсатта Алмалы ауданында бірқатар шаралар қолға алынды.

Атап айтқанда, «Арман» аула клубының футбол алаңында Алмалы ауданы әкімі аппараты, Алматы қалалық Салауатты өмір салты орталығы, Отбасыны дамыту орталығының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында  шағын-футболдан турнир өтті.  Шағын-футбол турнирінде  12-14 жас аралығында бірінші орынды «Арман» командасы  иеленсе, екінші орын «Бәйтерек» командасына бұйырды. Қатысушы командаларға бағалы сыйлықтармен   қатар жүлделері табысталды.

Сондай-ақ, «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафон аясында жастарға арналған лофт-орталығында «Еріктілер лигасы» қоғамдық бірлестігі жастарының қатысуымен «Болашаққа адал қадам» атты тақырыпта дебат сайысы өтті. Сайысқа төрт команда қатысып, үздік командалар аудан әкімінің арнайы грамотамен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close