ЖЕКЕМЕНШІК ПӘТЕР ИЕЛЕРІНІҢ ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІ

тұрпатындағы заңды тұлғалардың 90 пайызы мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден өткізілуі керек215

Айнабай МӘДИ

Бостандық аудандық әділет басқармасында өткен жиында заңды тұлғаларды тіркеу және АХАТ бөлімдерінде көрсетілетін қызметтер жайы жан-жақты сарапталды. Аталған бөлімдердің бас мамандары – Ж.Дәулетова мен А.Кунчашева соңғы жылдары жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік тұрғыдан едәуір қолдау көрсетіліп, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізуде біраз жеңілдік қарастырылғанын айтты. «Электронды үкімет порталы» шағын кәсіпкерлік субъектісін санаулы минутта тіркесе, бір күн ішінде орта және ірі бизнес субъектісін тіркеу кезінде белгіленген үлгіде өтініш толтырылып, баж төлемінің түбіртегі тапсырылады.

Өзекті мәселе тұтыну кооперативін, жекеменшік пәтер иелерінің  кооперативтерін тіркеу, қайта тіркеу, заңды тұрпатын өзгертіп, қайта ұйымдасқанын тіркеуде туындайды. Алматы қаласы төңірегінде өз қызметін атқарып келе жатқан жекеменшік пәтер иелерінің тұтыну кооперативі тұрпатындағы заңды тұлғалардың 90 пайызы тоқсаныншы жылдарғы еліміздің Азаматтық кодексі қабылданбас бұрын мем­лекеттік тіркеуден өткен. Ал, бүгінгі заң талаптарында жекеменшік пәтер иелерінің коопе­ративінің  ұйымдастыру-құқықтық тұрпаты қарастырыл­маған. Сондықтан сол жылдары мемлекеттік тіркеуден өткен жекеменшік пәтер иелерінің тұтыну кооперативі тұрпатында тіркелген заңды тұлғалар  қолда­нылып жүрген заң талабына сай мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден өткізілуі қажет.

Осы тұрпаттағы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде еліміздің «Тұрғын үй қаты­нас­тары» заңның 42-бабы мен әділет министрінің бұйрығымен бекітілген заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаудың  19-бөлімінде көрсе­тілген талаптарға сәйкес құжаттармен бірге, кондоминиум нысанының тіркелгені туралы құжат талап етіледі, – дейді заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы Ж.Дәу­летова.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *