«Жедел жәрдем» дәрiгерi мотоциклмен келсе, таңқалмаңыз

Нұржамал ТЕГIНБАЙҚЫЗЫ

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына басшы болып келгелi жаңалық жасауға ынтық екенiн байқатқан басқарма бастығы Роза Қуанышбекова Қала күнi қарсаңында алматылықтарға басқарма қолға алғалы жатқан тағы бiр бастамасын жария еттi.

Қаланың текетiрес тығынында жедел көмек шақырған науқасқа жедел жете алмай, жүйкелерi жұқарған дәрiгерлер ендi шұғыл шақыруларға медициналық көмек көрсету үшiн арнайы жабдықталған шағын мопедпен келетiн болады. «Байкерлiк» жедел медициналық көмек қала көшелерiндегi көлiк тығыны орын алған жағдайда және автокөлiктердiң жетуi қиын жерлерге алдын-ала барып, алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсететiн болады. — «Байкерлiк» жедел жәрдем жол-көлiк апаты орын алған жағдайда да ең тиiмдi көмек түрi болмақ. Спорт жарыстары кезiнде, төтенше жағдайлар орын ала қалған уақыттарда

— «Байкер» дәрiгерлiк көмегi қажет жерлерге шұғыл жете алады. өйткенi, олар өте шағын, кез-келген жерге сыйымды. «Медбайкер» алғашқы дәрiгерлiк көмекке қажеттi барлық дәрi-дәрмек, құрал-жабдықтармен жабдықталған» дейдi «Байкерлiк» жедел жәрдем көмегiнiң «кiндiк шешесi» атанғалы отырған Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Роза Қуанышбекова.

Тұңғыш Президент қоры мен «Асар-береке» қорларының қолдауымен жүзеге асырылуы жоспарланып отырған «Байкерлiк» жедел жәрдемнiң өмiршеңдiгiн уақыт көрсете жатар, ал, сiз жедел жәрдем шақыра қалсаңыз, дәрiгерлер мопедпен келiп жатса, таңқалмаңыз. Жолдарың ашық болсын, «Медбайкерлер» деймiз де!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *