ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Астанада «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық мәселесін талқылауға арналған жиын өтті.

– Елбасы биылғы жылы соғыс арда­герлеріне ерекше құрметін көрсетіп, жаңа жылдан бастап жекелей құттықтау жол­дады. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» Қазақ­стан халқына Жолдауында Ұлы Жеңістің 70 жылдығын салтанатты мерекелеудің маңыз­дылығын атап өткен болатын. Ардагерлермен жұмыс, аға ұрпаққа қамқорлықпен қарау және жастарды патриоттық тәрбиеге баулу – «Нұр Отан» жұмысының маңызды бағыттарының бірі, – деді Бауыржан Байбек.

Айта кету керек, атаулы мерекеге орай дайындықты партия өткен жылы бастап кеткен болатын. Мәселен, 2014 жылы «Нұр Отан» 531 Кеңес одағының Батыры мен 124 Даңқ орденінің толық кавалерлері бойынша мәліметтерді қалпына келтірді. Сонымен қатар, Ұлы Жеңіске 100 күн қалғанда, яғни, 29 қаңтардан «Астана» телеарнасында майдангер қазақстандық-қаһармандар туралы «Қазақстандық қаһармандар» атты 100 бейнероликті көрсету басталады. Әр ролик күніне он мәрте көрсетіледі. Бейнероликтер фотосуреттер арқылы күшті әсер туғыза отырып, соғыс уақытын еске түсіретіндей етіп жасалған. Әрқай­сысында жеке бір Батырдың ерліктері егжей-тегжейлі баяндалады. Бірегей мұрағаттық фотосуреттерді пайдалана отырып, баяндаудың қысқаша үлгісі телекөрермендерге қазақстандық Батыр­ларды тануға және олардың ерліктерін есте сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жобаның негізгі мақсаты – араларында күні бүгінге дейін көзі тірі Батырлар, Батыр-әйелдер, Кеңес одағының екі мәрте Батырлары бар майдангер-отандастары­мыздың мәңгі ұмытылмайтын ерлігі тура­лы баяндау.  Қазақстандық Кеңес ода­ғы­ның Батырларына арналған, қазақ және орыс тілінде 70 фильм түсіруге қатысты жұмыс жүріп жатыр. Фильмдер Жеңіс күніне орай көрсетілмек.

Жеңіс күні қарсаңында қаһарман қазақстандықтар тақырыбына арналған «KAHARMAN.KZ» сайты іске қосылады екен. Сайтта мұрағаттық құжаттардың көшірмелері, қазақстандық батырлар туралы ақпараттар, соғыс жылдарының жылнамасы, фотогалерея, бейнероликтер, ардагерлер туралы қызықты мақалалар жарияланады.  Сондай-ақ, мереке қар­саңында «Қазақстандықтар Екінші дүние­жүзілік соғыс жылдарында: 100 жаңа дерек» жобасы іске қосылмақшы. Ал, Отан қорғаушылар күнінің аясында қазақ­­стандық Кеңес одағының Батыр­лары, Даңқ орденінің толық кавалерлері мен Халық Қаһармандары туралы кітап­тың таныстырылымы ұйымдастырылады.

Саяси ұйымның бүкіл ел аумағын қамтыған «Ардагерлерді аялайық» деген акциясының аясында Қазақстандағы 5437 Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің әрқайсысының жағдайы сұралып, арнайы әлеуметтік сауалнама да жүргізілген екен. Нәтижесінде, олардың өміріне қатысты 10 800 өзекті мәселе анықталып, өз кезегінде «нұротандықтар» оның тоғыз мыңнан астамын шешіп үлгерген. Ендігі уақытта да атаулы күнді ғана күтпей, қарт май­дан­герлерге жан-жақты көмек беруді күшейтуі керек. 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *