ЖЕҢІСІМДІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АРНАЙМЫН

Алматылық ММА чемпионы өзінің қазақстандық екенін мақтан тұтады

 Нұрлан СҮЙІН

Артем Резников  ММА – аралас жекпе-жек спортынан жеңіл салмақтағы Қазақстанның үздік боксшысы.

 Ресей астанасы Мәскеуде аралас жекпе-жектен АСА 111 турнирі өтіп, оған Қазақстаннан Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы, Георгий Кичигиндер қатысты. Осы турнирде Артем Резников жартылай жеңіл салмақтағы (66 кг) ресейлік чемпионды жеңді.

 Үш раундқа созылған жекпе-жекте ресейлік  Юсуф Раисовты еңсерген Артем Резников спорттық жолындағы аса маңызды жеңіске қол жеткізді. Барлық жанкүйерлеріне рахметін айтқан Артем чемпион әсіресе қазақ халқына деген алғыс сезімін тебіреніспен жеткізді.

– Мен Қазақстан тумасымын. Менің әке-шешем, ата-әжем де қазақстандықтар. Біз көпұлтты елміз. Кезінде қазақтар менің бабаларыммен нанын бөлісіп, бірге тұрған. Мен осы жеңісімді әкеме және қазақ халқына арнаймын. Бұл бәріміздің жеңісіміз. Алға Қазақстан, — деді чемпион А.Резников.

Қазақ халқына деген алғыс сезімді тәрбиемен бойына сіңірген чемпионға спортта тек жеңістер тілейміз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *