Жеңiмпаздарды қарсы алды

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттiк қорының қызметкерлерi 24–28-маусым аралығында Атырау қаласында өткен Дельфийлiк ойындарда 5 алтын медальды иеленген жеңiмпаздарды күтiп алды. Ойын тек жас таланттарға қолдау көрсетiп қана қоймай, азаматтық- патриоттық сезiмiн оятуда жақсы құрал болып табылады. Алматы қаласы құрама командасын анықтау үшiн Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттiк қоры 11–12- маусым аралығында 14 аталым бойынша iрiктеу кезеңiн өткiзген болатын. Олар: фортепиано, скрипка, саксафон, халық аспаптары (домбыра, қобыз), академиялық ән, халық әнi, баян, аккордеон, гармонь, эстрадалық ән, халық биi, қазiргi заман биi, бейнелеу өнерi, фотография, веб-дизайн, ди-джей. Ойын қортындысы бойынша 10–25 жас аралығындағы 36 жеңiмпаз Алматы қаласы атынан жарысқа аттанды. Республикалық ойынның қортындысы бойынша 5 алтын, 2 күмiс, 1 қола медальды иеленiп, жалпыкомандалық есепте Атырау және Астана қаласынан кейiн үшiншi орынға ие болды. Ендi бiрiншi орынды иеленген жастарымыз Киев қаласында ТМД елдерi арасында өтетiн Ұлттық дельфийлiк ойындарға аттанады.

Динара ТАҒАЕВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *