Жеңілдікті пайдаланушылар саны өсті

 

Естеріңізде болса, биылғы 24 мамырда Алматы қаласы мәслихатының депу­таттары жеңілдіктерді пайдаланушылар тізіміне түзетулер енгізді. Ол шешім «Алматы қаласы жеңілдіктерді қажет ететін азамат­тарға қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүретін жолақыны ұсыну туралы» ретінде заң органдарында биылғы 6 маусымда тіркеуден өтті.

Демек, осы ретте Алматы қаласының қоғамдық көлігінде жеңілдікпен жолақыны пайдаланушылар қатары көбейіп отыр. Ендігі жерде қалада жеңілдікпен жол жүретіндер тізіміне тағы бір азаматтар тобы енді. Сөйтіп, мәслихат депутаттары шешімімен бұдан былай тегін жүру үшін бұрын белгілі болған жеңілдікті пайдала­нушы тұлғалар тізіміне – Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиға­ларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар да енгізілді.

Бұл шешім заң органдарында тіркеуден өткеннен кейін 10 күнтізбелік уақыттан соң күшіне енетін болды. Дәлірек айтқанда, ол алғаш рет ресми жарияланған 9 маусым­нан он күн өткеннен кейін, яғни биылғы 19 маусымда толық күшіне енетін болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *