ЖАЗУШЫЛАР ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

Әдебиетшілер үйінде дәстүрлі әдеби жыл қорытындысына арналған жиын болып өтті. Әдебиет саласында өткен 2018 жыл ішінде жарық көрген кітаптар мен жеткен жетістіктер, қазақ әдебиетінің бүгінгі хал-ахуалы жайында айтылған жиын республикадағы ақын-жазушылар мен әдебиет зерттеушілерінің басын қосты. Қаламгерлер жиынын Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып жүргізіп, басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет өткен кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы кеңінен әңгімелеп берді. «Жаһан­дағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы шеңберінде әлемнің алты тілінде аударылып жатқан қазақ әдебиеті антоло­гиясын жарыққа шығару одан әрі жалға­сатын болады. Алдағы әр жылы 60 жазушы­ның шығармалары шет ел тілдеріне аударылады. Биылғы жылдың тамыз айында жазушылардың Халықаралық үлкен форумын Астанада өткізу жоспар­ланып отыр. Бұл қаламгерлер басқосуына әлемнің 46 елінен 108 көрнекті жазушылар келеді деп күтілуде. Одан бөлек, Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдық мерейтойы да аталып өтпекші. Осы айтулы даталарға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Қазақстан Жазушылар одағының жыл қорытындысына арналған жиында жанр­лық кеңестері – проза бойынша Қуандық Түменбай, поэзия бойынша Нұржан Қуантайұлы, балалар әдебиеті – Арасанбай Естенов, әдеби сын – Жанғара Дәдебаев, драматургия – Қолғанат Мұрат, деректі проза – Өтеш Қырғызбай, сатира – Үміт Зұл­қарова, ұйғыр әдебиеті – Рахматжан Юсупов, шет елдегі қазақ әдебиеті – Алмас Ахметбекұлы, аударма – Заманбек Әбде­шев, орыс әдебиеті – Лейля Калаус, фан­тастика – Нәрбин Кенжеғұлова, жастар поэзиясы – Алмас Нүсіп баяндама жаса­ды. Жарыссөзде жазушы Кәдірбек Сегізбай мен сыншы Әлия Бөпежанова ойларын ортаға салды. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша шет ел тіліне аударылатын жазушылардың шығармалары жанрлық кеңестерден ұсынылуы, әдеби көркем сын саласына қалам тербеушілердің тапшы­лығы, бұл салаға жастарды кеңінен тарту қажеттігі де орынды көтерілді.

Әдеби жыл қорытындысына арналған жиын соңынан бір топ қаламгерге өткен 2017-2018 жылғы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы салтанатты түрде табыс етілді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *