ЖАЗДЫҢ СӘНІ

Алматыда домбыра тәріздес алма ағашы бейнеленген фонтандар бар

Алматыда жайлы орта қалыптастыру мақсатында жаңа субұрқақтар салу мен «ұмыт болғандарын» қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Құрманғазы атындағы консерватория ғимараты алдындағы ең көне музыка аспабы – домбыра түрінде жасалған фонтанды көрді.

Қаладағы алғашқы субұрқақтар 1948 жылы Абай атындағы МАТОБ ғимараты жанындағы скверде пайда болған еді. Қазіргі кезде Алматы аумағында 100-ге жуық фонтан бар. Соңғы үш жыл ішінде 27 фонтан салынды және қалпына келтірілді.

Биыл Достық даңғылының Құрманғазы, Жамбыл көшелерімен қиылысқан тұсын реконструкциялау барысында және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті алдында үлкен фонтан кешені мен екі құрғақ субұрқақ салу жоспар­ланған. Бұлардан өзге, Бауыржан Байбек Тұңғыш Прези­дент атындағы парктегі орталық фонтан мен М.Әуезов атындағы драма театры алдындағы субұрқақтардың көп бөлігінің ескіргеніне орай қайта жасауды тапсырды.

Биыл қалалықтарды Абай даңғылынан, Спорт және туризм академиясы, бұрынғы Түрксіб ауруханасы алдынан бой көтерген жаңа фонтандар қуанышқа бөлейді. Назарбаев даңғылы бойындағы ҚТЖ ғимараты алдындағы бұрынғы көлік тұрағының орнынан да жаңа фонтан пайда болды. Оларға жақын маңға бірнеше құрғақ субұрқақтар салынды.

Ұлттық кітапхана мен Байсейітова көшесі аралығына фонтан салынды. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры алдындағы субұрқақ та жөнделді.

Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында бірнеше жаңа фонтан пайда болды. Абылай хан даңғылы бойындағы Шевченко мен Қарасай көшелерінің қиылы­сындағы ескі субұрқақтар реконструкцияланды. Бұлардан өзге, «Алматы-2» теміржол вокзалы алдында да құрғақ субұрқақ іске қосылды.

Жаяу жүргінші кеңістігін қалыптастыру кезінде Панфилов, Жібек жолы көшелері мен «Астана» алаңында жеті фонтан салынды. Қайта жасалған Орталық саябақтың шығыс жағында, жазғы сахна жанында алма ағашы бейнеленген жаңа фонтан пайда болды. Мұнда 10 жыл бойы бос тұрған ескі субұрқақ жөндеуден өтті.

Айта кетерлігі, 2015 жылы қалалықтардың талқылауы­нан соң қабылданған «Алматы–2020» бағдарламасы аясын­да мегаполисте тарихи орталықтың 60%-ы, 600 көше мен 1400 ескі аула жөнделді. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауысты­рылды, 300 шақырым арық және 2000 шақырым инженер­лік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық өтпелі жолы жаңарды.

Биыл қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50 па­йызын қамтитын тағы 600 ауланы жөндеу жоспар­ланған. 120-дан астам көшеде орташа жөндеу жұмыстары бас­талды. Бұлардан өзге, қаланың 14 ықшамауданына 456 көше салынуда. Қаланың шет аймақтарындағы бірқатар парк, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қала кеңістігінің қауіпсіздігі үшін 120-дан астам көшеге жаңа LED шамдары орнатылады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *