Жазасын өтеушілер де қайырымдылық жасай алады

Жуырда Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ЛА-155/13 колониясында жазасын өтеушілер шаһардағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, игілікті іс бастады.

Бұл бастамаға сотталған­дардың өздері бірінші болып ниет танытқан. Олар түзеу мекемесінің басшысына кіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созуды өздеріне парыз санайтынын жеткізген. Түзелу жолына түскен сот­талғандардың бұл бастамасын қуана құптаған колония басшысы,  под­полков­ник Руслан Габибов Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы мүгедектер қоғамы­нан көмекке мұқтаж адамдардың мекен-жайын алып, игілікті іске қолдау көрсетті.

Сотталғандар  ең  бірінші  бо­лып 1-топтағы мүгедек К.Шын­гызбаеваның үйіне ба­рып, аула аумағын тазалап, отынын жарып, жинап берді. Дәл сондай көмек 2-топтағы мүгедек А.Адиловаға да көр­сетілді. Жеке үйде тұратын мүгедек адамдардың қыстың қыраулы күнінде қол күшіне зәру екені анық. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар аула қарын тазалау, отын дайындау сияқты жұмыстарына қолғабыс жасаған сотталушыларға жүрекжарды алғыстарын айтып, олардың тезірек бостандыққа шығып, отба­сыларына оралуларына тілектестік білдірді.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *