Жазалы балалар да қашықтан оқытылуда

ЛА-155/6 мекемесі – еліміздегі кәмелетке толмаған қылмыскерлер жазасын өтейтін жалғыз оқшаулау орны. Тәрбиемен қатар, мұнда да балаларға толыққанды білім беріледі.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты, мекеме ішіндегі жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған сотталғандар жандар оқитын №3 жалпы білім беретін мектепте де 6 сәуірден бастап «Балапан» және «Еларна» телерналарынан онлайн білім алу басталды.
Олардың сапалы білім алуын жасақ бастықтары мен тәрбиеші мамандар қадағалайды. Сонымен қатар, ұстаздары, сынып жетекшілері кері байланыста болып, қосымша тапсырмалар беріп, тәрбиеші мамандармен тығыз байланыста бірлесе жұмыс істеуде.
Осы 2019-2020 оқу жылының 1 кыркүйегінде 53 оқушы қамтылған, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын алты сынып ашылған болатын. Мемлекеттік тілде – 28 оқушы, орыс тілінде 25 бала білім алуда.
Мектеп Алматы қалалық Білім басқармасы бекіткен оқу жоспарымен жұмыс істейді. Білім ошағы оқулықтармен толық қамтылған.
Е.ЖЕҢІСХАН,
ЛА-155/6 мекемесінің қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *