Жазғы каникулдан соң көп өзгеріс болады

Міне, мектеп оқушылары жаппай жазғы каникулдарына шыға бастады. Қазір орта мек­тептерде оқу қиындап, жылда жаңа реформалар шығып жат­қанда бұл дұрыс та шығар. Осы рет­те еліміз мектептерінде 1-10-сыныптар арасында оқитын 2,815 мың бала үшін мұның барлығы өте қажет деп білеміз.

Дегенмен, жоғарыда аталған 2,815 мың оқушының 2,6 млн.-ға жуығы жазғы лагерлерде демалады екен. Өйткені, бұл былтырғы жылдан 120 мың балаға көп көрсеткіш. Бұлай дейтініміз, бұл балалар 225 қалалар маңындағы және 2 мыңға жуық палаталы, спорт­тық, киіз үй лагерьлерінде демалады. Сосын жазда барлық білім беру мекемесі жанында түрлі секциялар, үйірмелер мен клубтар жұмыс істейді.

Ал содан кейін барлық баланы үлкен өзгерістер күтіп тұр. Соның ең бастысы, биылғы оқу жылында дайын­дық сы­ныптарында латын тіліне апробациялау жұмыстары басталып, ол 15 пайызға дейін балабақшаларды да қамтитын болады. Ал бұдан оқушылар­дың 42 пайызы өтуі керек. Бұл ретте жоғары жүктемеге орай мектептер сыныптары­ның 85 пайызы бес күндік оқыту тәртібіне көшетін болады.

Сондай-ақ, үйге берілетін оқу жүк­темесі 150 минуттан аспауы керектігі міндеттеледі. Демалыс және мереке күндері үйге тапсырма берілмейді. Оның орнына оқушылар әдеби кітаптар оқып, ғылыми жобаларын орындаумен шұғыл­данады. Сосын 3,6 және 8-сынып оқушылары үшін оқулықтар электрон­ды түрде берілетін болады. Бұл ретте олар QR-коды арқылы тапсыр­маларды оқи алады.

Сонымен қатар, елімізде ағылшын тілінде оқыту да басым мақсат ала бас­тағандықтан, биылдан бастап респуб­ликаның 10-11-сынып оқушы­лары төрт пәннен сынақ тапсыруға жіберілмек. Бұл үшін 12 мыңдай мұғалім қажетті оқу курстарынан өтетін болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *