ЖАЗ БЕЛГІСІ – ЖАҒАЖАЙ

Әйтсе де, ол үшін шет асудың қажеті жоқ. Өз елімізде һәм Алматының өзінде демалудың сан түрін ұсынатын мәдени орындар жетіп-артылады. Солардың қатарына біз заманауи үлгімен жасалып, барлық санитарлық талаптарға сай жабдықталған бассейндерді қосар едік.

Жалпы, демалудың өзі мәдениетке жатады емес пе? Демалыс – денсаулық үшін маңызды. Мәселен, суда жүзу дене бітіміңізді бір қалыпта ұстауға көмектеседі. Көңіл-күйіңізді көтереді. Рухани жан-дүниеңіз тазарып, үнемі сергек жүруге септігін тигізеді.  Бүгінде компьютер, телефон, ғаламтор дегендер өміріміздің ажырамас бөлігіне айнал­ған.  Техника алдында тапжылмай оты­рып күн өткізудің шеберіміз…  Мұның барлығы адам денсаулығына едәуір зиян екенін біле тұра… солай істейміз. Сол себепті, біз ұрпағымызға демалу мәдениетін үйретуіміз керек. Ендеше, балаларымыз үшін суға түсудің, шомылудың өзі бір мереке.  Оларға әбден қызық! Бүгінде қаламызда ашық аспан астында орналасқан бассейндері бар демалыс орындары жетіп-артыла­ды. Егер  жұмысбасты болсаңыз, қапа болмаңыз… Демалыс күндері отбасы­лық демалыс аумағында демалудың жолы көп. Ендеше, жина­лыңыз да, мына төмендегі мекен-жайларға хабарласыңыз. Біз сіздерге қала маңында орналасқан бірнеше демалыс орындарының мекен-жайын ұсынамыз. Патша көңіліңіз қай орынды таңдаса, соған қарай ат басын бұрыңыз!

керек дерек

«Arman Pool» демалыс аймағы.

  • Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, 260/5
  • Телефон +7 (701) 999-91-15

 

«Sunrіse» демалыс орны

  • Алматы маңындағы Талғар тас жолы бойындағы «Бесағаш» елді-мекенінде

Телефондары:

+7 (727) 387-40-06

+7 (727) 387-40-07

+7 (701) 734-02-65

«Eco fіsh» демалыс орны:

Алматы-Бішкек тас жолында, 27 км. Қаскелең қаласы.

Жұмыс кестесі: 10.00-нан 22.00-ге дейін

Телефоны:

+7 (771) 444-04-44

 

Арнайы сертификаты бар демалыс орындары сіздерге қолжетімді баға мен жайлы демалыс ұсынады. Өмірдің ғажайып екенін сезінгіңіз келсе, отбасыңызбен келіңіз, демалыңыз! Біз қызмет көрсетуге әрқашан дайынбыз.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close