«ЖАЯУ ЖҮРГIН» алдын алу айлығы кезiнде жол қозғалысы ережесiн бұзған 404 жүргiншi анықталды

10-тамыздан берi жол полицейлерi «Жаяу жүргiн» алдын алу шарасы шеңберiнде шаһар жол қозғалысындағы бiрқатар келеңсiздiктiң бетiн ашты. Қолға алынған кешендi шаралардың ықпалына қарамастан жолдағы ахуал күрделi күйiнде қалып отыр. Жол-көлiк оқиғасы (ЖКО) санының артуы алаңдатуда. Тәжiрибе көрсеткендей, ЖКО санының артуына қарапайым ереже лердiң сақталмауы сеп болуда. Осыған байланысты, Алматы қаласында тұрақты түрде жол қауiпсiздiгiн арттыру бағытында кешендi шаралар атқарыла бастады.

Мәселен, рейдтi шараның екi тәулiгiнде жол тәртiбiн бұзған 604 дәйек тiркелген. Соның топ басында – бiлiксiз басып озу мен жосықсыз маневр жасау тұр. Мұндай тәртiп бұзу оқиғасы – 188. Сонымен қатар, 104 жүргiзушi қауiпсiздiк белдiгiн тағуды мiн санап, 52 жүргiзушi көлiк жүргiзу кезiнде спирттiк iшiмдiк iшкен. Соңғылары жүргiзушiлiк құқығынан айырылды.

Оған қоса, жол қиылысын кесiп өтуде 26 тәртiп бұзу жағдайы тiркелдi. 52 адам көлiк жүргiзiп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескенi үшiн айыппұл тартты. Екi-үш тәулiктiң iшiнде жол полицейлерi 17 автокөлiктi айып тұрағына жөнелттi. Жолаушыларды «менсiнбеген» 1 мың 87 жүргiзушiге, сондай-ақ, 404 «тәкаппар» жаяу жүргiншiге әкiмшiлiк хаттама толтырылды.

Аталған iс-шара қыркүйектiң 10-ына дейiн жалғасады.

Арман ЖУСАНБАЙ,

Алматы қалалық IIД-нiң қызметкерi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close