Жауырға айналған жолдар

Әнуарбек ӘУЕЛБЕК

 

Ел мақтайтын, жұрт жақсы көретін Алатау ауда­нын­дағы жолдар былтырдан бері көңілге қаяу түсіріп отыр. Мұндағы ықшамаудандардың бәріне түгелге жуық жаңадан су жүйесі, кәріз жүйесі тартылып, бір қуантқан болатын. Әлі ешқайсысы іске қосылмаса да айтып жүргенге жақсы болды. Бірақ осы жұмыстар аяғына дейін сапалы жүргізілмей, жолдың бәрі ығы­рыңды шығаратын халге жеткізді.

Бір ай емес, екі ай емес, жылға жақын­даған бұл жәйт қазір елдің ашу-ызасын туғыза бастаған. Жолдың кедір-бұдыры өз алдына, жол жиектеріндегі ойдым-ойдым шұңқырларға адам түсіп кетуі мүмкін. Бала-шағасын қақпай­лаған жұрт көшеде жүруден қалды. Күн ысыса, шаңы бұрқырап, жауын жауса, аяқтары батпаққа малынып, әр қатқаққа бір секірген елден ес кетті.

Қалалық әкімдіктің күш салуымен ғана қыбырлауға көшкен жұмысшы­лардың жұмыстары өнетін түрі жоқ. Арыз айтушы ел көп. Үйлеріне кіру мүмкіндігінен қалған ағайынның қайта-қайта әкімшілік орындарына шапқы­лауынан соң ғана жұмыстарына жан біткен жекелеген орындар бар. Ал тұтас­тай алғанда, былтырдан бергі жағдай өзгере қойған жоқ.

Шұңқырларға ғана жамау салып, жаба тоқып кету жолды бұрынғы қал­пына келтіре алмайтыны тағы белгілі. Жауырға айналған жолдар жұртты жылаңқыға айналдырып барады… Бөлінген қаржы жетпей қалатындай, есеп-қисапқа олақ ел емес едік қой, бұл қалай болғаны? Ел ерге қарап отыр…

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close