ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСПЕК

Құралай КӘДІРӘЛІҚЫЗЫ, Алматы қалалық кардиология ауруханасының

врач-эпидемиологы:

 Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында дәрігерлерге қатысты бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. «Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін шын мәнінде ауыр сынақ болды. Бұл ахуал елімізде кәсіби дәрігердің тапшы екендігін анық аңғартты. Бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқығының қорғалмауы себеп болып отыр. Түрлі сала мамандары ішінде ең төмен жалақыны дәрігерлер алады», – дей келе, дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен өсіруді қолға алуды тапсырды. Әсіресе, «дәрігерлердің жалақысы біздің экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек» деген сөзі денсаулық саласы қызметкерлерінің көңіліне қуаныш ұялатты.Індеттің таралу қаупі сейілмей тұрған шақта дәрігерлерге қолдау көрсетіпжатқан мемлекет басшысына алғыс білдіреміз.

Шын мәнінде қазіргідей қиын шақта дәрігерлердің ұшан-теңіз еңбегіне өздеріңіз де куә болып жүрсіздер. Олар төтенше жағдай режимі жарияланған күннен бастап, қауіпті кеселдің таралмауы үшін ауруханада күн демей, түн демей еңбек етіп жатыр. Алқалы жиындағы дәрігерлердің жалақысын көтеруге ерекше көңіл бөлгеніденсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегін ерекше бағалағаны деп білемін. Біле білсеңіз, мемлекет пен халықтың қолдауы дәрігерлерге үлкен күш-жігер береді. Сонымен қатар, жауапкершіліктің жүгі еселене түскенін білдіреді. Аталмыш басқосуда Мемлекет басшысы бізге қолдау көрсетумен қатар, тапсырма жүктеуді де ұмытқан жоқ. Ол өз сөзінде пандемияның әлі де ел іргесінен алыстай қоймағанын айтып, халықты індеттің екінші толқынына дайын болуға шақырды. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын күшейту керектігін ескертті. Әрине, медицина қызметкерлерінің бұл бағытта атқаратын жұмысы бұрынғыдан да еселене түсері сөзсіз. Сондықтан біз мемлекет тарапынан жүктелген міндет пен берілген тапсырмалардың орындалуына ыждаһаттылықпен қарауға тиіспіз. Пандемияны жеңуге әрбір азамат барлық сақтық шараларын ұстану арқылы өз үлесін қосуы керек. Сонда ғана біз бұл қиындықты артқа тастайтын боламыз!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *