ЖАУ ЖЫЛНАМАШЫЛАР ЖАЗҒАН ТАРИХ

Смағұл ЕЛУБАЙ, көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– …Бірақ заманында жау қолымен жазылған жылнамалар қаншалықты шыншыл?! Қаншалықты бұрмаланды?.. О жағын білмейміз. Бірақ сеземіз. Ежелгі дүние тарихында есесі кеткен халық екенімізді сеземіз. Өйткені, заманалар ақиқатын арғы аталарымызға жау жылнамашылар жазыпты. Ендеше, тарихнамада есесі кеткен Елміз. Ұлы дала тарихы ұрланған тарих деуге лайық. Бұрмаланып, бүркемеленіп қаламы жүйрік жылнамашылардың қанжығасында кеткен тарих деуге лайық.

…Экран – біздің ең осал тұсымыз. Кинотеатрлар – Қазақстанға тәуелсіз шетелдік идеологиялық империя тәрізді. Бұл ішкі киноимперия соңғы 30 жыл ішінде батыстық рухтағы бір ұрпақ тәрбиеледі. Өкініштісі, ол ұрпақ Батыстың озық үлгілерін емес, алдымен тозық үлгілерін қабылдады. Қоғамымызда ата-салтымызға жат, айтуға ауыз бармайтын азғындықтың төбе көрсете бастауы содан деп білеміз. Сонымен экран арқылы Батыстың озығы емес, тозығын алған жастарымыз ертең ел болашағында қандай рөл ойнайды?! Осы сауал – бүгінгі қазақ қоғамының қабырғасына шаншудай қадалып отырған сауал.

 

(«Egemen Qazaqstan», 30.11.2018.)

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *