Жатақхана – өз үйің

 

Осыдан бірнеше жыл бұрын қай оқу орнының жатақханасына бас сұға қалсаңыз да, қақ төрде осы бір ауыз сөз жазулы тұратын еді. Иә, шындығында бөтен орта, алыс қалада студент үшін жатақхана туған үйінен еш кем емес еді. Өкінішке орай, заман ағымына қарай бүгінде Студенттер үйі атанған жатақханаларға барлық студенттердің қолы жете бермейді.

Қала өмірінде пәтер жалдап тұру студент үшін де, олардың ата-аналары үшін де оңай соқпасы анық. Сондықтан биылғы жылғы наурыз айындағы Елбасымыздың «Бес әлеуметтік бастамасында» жатақхана мәсе­лесі кеңінен көтеріліп, елімізде 75 мың орынға жатақхана салу көзделген еді. Сәтін салса, жатақханаларды 2022 жылға дейін салып бітіру көзделіп отыр.

Осы орайда, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев: «Бізге көптеген ұсыныстар келіп түсті. Құрылыс жоспарларын да әзірлеп қойдық. Ендігі мәселе осы құрылыстарды қаржылан­дыруға байланысты болып отыр. Бұл бағытта кейбір заңнамалық өзгерістерді қабылдау жағы да қарастырылуда. Дәл қазір заң жобасы Мәжілістің қарауында. Құжат қабылданғаннан кейін нормативтік актілерді қабылдап, жаз айларында еліміздің бір­неше қалаларында жатақхана салу жұ­мыстарын бастайтын боламыз», – деді.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда 65 мың орынға арналған Сту­денттер үйіне жер де бөлініп қойды. Мұның өзі сұраныстың өте зор екендігін көрсетсе керек. Бәсекеге қабілеттілік танытып, ел ертеңі болар жастардың жан-жақты білім алып, мықты маман болып шығуына мемлекет басшысы зор сенім білдіріп, бастамада көрсетілген басты бағыттарды назарда ұстап отыр. Жаз бойы жүргізілген жұмыс­тардың алды күз айларында өз нәтижесін беріп, алғашқы студенттік жатақханалар пай­далануға берілетін болады.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close