«Жасыл көпірді» қолдап отырмыз

Бұл күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Фараби оқулары аясында «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» ІV Халықаралық студенттік форумы өтуде.

Биыл форум төртінші рет XXІ ғасырдағы қалыпты дамудың маңызды қырларын талқылау, «жасыл экономика» бойынша ғылыми жобаларды таныстыру, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық энерго-экологиялық стратегиясы мен «Жасыл көпір» бастамасын қолдау бағытындағы ой-пікірлерін ортаға салу мақсатында Қазақстан және алыс-жақын шет ел жастарының басын қосып отыр.

Форумға Солтүстік және Орталық Азия үшін, Тынық мұхиты және Азия елдерінің Эконо­микалық және әлеуметтік комиссиясы аймақ­аралық бөлімінің басшысы Н. Помощников, «Адам және биосфера» Ұлттық комитетінің төрағасы Р. Ященко, «Су ресурстарын бірігіп басқару» халық­аралық білім беру бағдарламасының координаторы Б. Януш-Павлетта, Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығының техникалық директоры Б. Мор, Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің директоры О. Аққозиев, «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» Халықаралық ЖОО консорциумы, қоғамдық бірлестік пен мемлекеттік ұйым өкілдері, жастар саясаты жөніндегі сарап­шылар мен мамандар, Ресей, Белоруссия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Қазақстан, Қырғызстан және басқа елдердің студенттік және жастар ұйымдары қатысты.

Университетте «Global Classroom» халық­аралық бағдарламасы белсенді үш жылдан астам уақыт бойы белсенді қызмет етуде. Сонымен қатар ЮНЕСКО қолдауымен қалыпты даму бойынша аймақтық хаб құру, «Green Campus», «Smart unіversіtіes» және басқа серпінді инновациялық жобалар жүзеге асуда.

Форум қатысушылары инновациялық жобалар көрмесіне ерекше қызығушылық танытты. Онда студенттер «Көпдәрежелі паркинг желісі», «SMART-жаяу жүруші», «Аса тиімді жел энер­гетикалық құрылғы», «Биосабын», «Велосити», «Жинақы көпқабатты жел электрстансасы», «Ауыз суды ауыр металл иондарынан тазартуға арналған сорбенттер» және басқа зерттемелерін таныс­тырды.

Әйгерім ӘУЕЗХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *