ЖАСТЫҒЫН ЖАЛЫН ШАРПЫҒАН

Жақында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тәрбиелік-патриоттық шара болып өтті. Ол №172 мектеп-гимназиясы әкімшілігінің бастамасымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналды.

«Жастығын жалын шарпыған» атты тақырыпта Ауған соғысының ардагер­лері­мен өткен кездесу кешін 10-сынып жетек­шілері мен оқушылары Гүлнұр Нұқаева, Оксана Жалмұр­заева, Арайлым Құдайбер­геновалар ұйым­дастырды. Кешке Ауған соғы­сының арда­герлері Ерлік Әлімқұлов пен Бақытжан Саханов арнайы шақырыл­ды. Кештің сыйлы қонақтарын №172 мек­тептің «Мың бала» домбыра­шылары күмбір­летіп «Көрұғлы» күйімен қарсы алды.

Өткеніне отыз жылдай уақыт болса да ол соғыс ел санасынан өше қойған жоқ. Сол қиын күндерді көз алдымызға әкелген­дей алдымен Ауған соғысы жайлы бейне­жазбалық мәліметтер көрсетілді. Соған орай жиылған қауым аталған соғыста қаза тапқан жауын­герлерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Сосын 10-сынып оқушылары дайындаған «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» тақыры­бында театр­лан­дырған көрініс қойылды және оқушы Зәкіржан Қуаныш Ауған соғысы жауын­герлеріне арнаған арнау өлеңдерін оқыды.

Сондай-ақ, қызықты өткен кеш бары­сында келген қонақтарға арнайы сұрақтар қойылып, олардың Ауғанда өткен интер­националдық борыштары жайлы тартымды әңгімелер тыңдалды. Кеш одан әрі концерт­тік бағдарла­малармен жалғасын тапты. Өте әсерлі өткен шара Нұржұма Әсемнің орындауындағы «Тек алға» атты әнімен және мектеп директоры Талғат Қазыбаевтың қонақтарға айтқан ақ-адал алғысымен аяқталды.

 

Арайлым ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,

№172 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

10 «ә» сынып жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *