Жастарымыз Софияда бақ сынауда

488Бокстан еліміздің жастар құрамасы жексенбі күні кешке Болгария астанасына аттанды. Софияда жастар арасында кезекті әлем чемпионаты басталды.

Дүниежүзілік додаға 90 елден келген 522 боксшы қатыспақ. Оның 13-і – Қазақстан құрамасының өкілдері. Біздің былғары қолғап шеберлерінің негізгі қарсыластары ретінде Куба, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Украина, АҚШ, Ұлыбритания, Венгрия, Германия және Әзірбайжан командалары аталады. Бұл чемпионаттың басты жүлделері – 2014 жылдың тамыз айында Нанкинде (Қытай) өтетін ІІ Жастар Олимпиадасына берілер жолдама болмақ.

Софияда еліміздің намысын жігіттерден Шалқар Айқынбай (48 келі), Оразхан Ергеш (52 келі), Сұлтан Зәуірбек (56 келі), Абылайхан Жүсіпов (60 келі), Аян Қалибеков (64 келі), Рахат Мыржықбаев (69 келі), Бекжан Бәкіров (75 келі), Вадим Казаков (81 келі), Темірлан Қабиев (91 келі) және Елдос Қадырбаев (91 келіден жоғары) қорғайды. Ал, қыздардан Қазақстан атынан Алуа Балқыбекова (51 келі), Назым Ықсанова (60 келі) және Валентина Хальзова (75 келі) шаршы алаңға шығады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *