Жастардың бойында үміт пен сенім бар

 

Интеллектуалды ұлт болып қа­лыптасуда ең басты мақсат –  бәсе­кеге қабілетті қоғам мен сол қоғамды жоғары деңгейде дамыта алатын қазіргі таңда жаңарып жатқан сан түрлі ақпараттық технологиялардың әрбір сырын жетік меңгерген қажырлы, қайратты, заманауи жастар екені баршаға мәлім.

«Қазақстанның үшінші жаңғыр­уы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының білім саласына көп өзгерістер енгізгені анық. Үшінші жаңғыруында «…Біз  сандық техно­логияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз» деген Елбасының сындарлы саясаты  мені қатты қуантады. Себебі, ұжымын жаңа заманның ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығаруда үнемі ізденісте жүре­тін білікті директор Медет Омарбеков басшылыққа алған оқу ордамыз – Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде   ақпараттық технология­ларға  негізделген    ІT білімді, бәсе­кеге қабілетті, жаңашыл кәсіби мамандар даярланып, еліміздің түрлі салаларында табысты еңбек атқаруда.

Биылғы  аяқталып қалған оқу жылы да табысты кәсіби қызметі­міздің жетістігімен есте қалмақ. 2017-2018 оқу жылы барысында  коллед­жімізде өткен ауқымды іс-шаралар, кәсіби мамандарды даярлауда оқытушылардың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырған үштілділік, ақпараттық технологиялар, білім жүйесіндегі жаңа бағдарламаларға негізделген жаңашыл инновациялық педагогикалық әдіс-тәсілдерге негіз­делген  ашық сабақтар, коучинг-семи­нарлар, іскерлік тренингтер,  студент­тердің заманауи бағыттағы идея­ларынан туындаған ғылыми жобалары аудандық, қалалық, республикалық  байқаулардан сынға түсіп, алған жеті­стіктері біздің биылғы оқу жылын­дағы алға қойған мақсат-міндет­теріміздің орындалғанын дәлелдейтін қарқынды дамуының көрінісі.

Атап айтар болсам, колледжімізде өткен «кәсіби шеберлік» апталығы, «Білім – табысты келешектің негізгі іргетасы» тақырыбында студенттермен пікір алмасу, білім фестивалі, ақын-жазушылар және өнер майталман­дарымен өткен кездесулер, ақпарат­тық орталықтар мен телеарна қызмет­керлерімен, табысты бизнес өкілдерімен сыр-сұхбат кештері, әдістемелік кабинеттің  «Үздік оқу – әдістемелік кешен», «Мен және менің тәлімгерім»6  т.б байқаулары мен интеллектуалды ойындар оқыту­шылар мен жас мамандардың, сту­денттердің одан әрі шыңдалуына ықпал етті. Сондай-ақ,  дәстүрге айналған Алматы қаласы колледждер студенттерінің 1998–2000 жылдары туған жастар мен жасөспірімдер арасындағы «Колледж барысы» турнирі, аудандық «Би әлемінде» колледж аралық сайысы, «Политех» БПҰ-ның  колледждер арасындағы дәстүрлі шахмат кубогі ұйымдас­тырылды.

Колледж базасында жұмысшы мамандығының танымалдығы мен мәртебесін арттыру мақсатында  «Желілік және жүйелік әкімшілік­теу», «Web-дизайн», «Электроника», «Мехатроника», «Мобильді робото­техника» құзіреттіліктері бойынша «Worldskіlls» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты, «Цифрлы Қазақстан – ІТ білім беруді іске асырудағы жаңа бастамалар» тақы­рыбында республикалық деңгейде ғылыми практикалық онлайн-конференция өткізілді. Сонымен қатар, біздің шабытты, өнерпаз жастарымыздың КВН құрамасы Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуел­сіздік» тақырыбында өткен «Жай­дарман» финалдық ойынында ең үздік деп танылып, республикалық 2018 жылғы маусымашар ойынына жолдама алса, колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Әсем Дүйсенбаева қалалық «Үздік педагог – 2018» байқауынан бас жүлдені жеңіп алып, республикалық «Үздік педагог» байқауына жолдама алды. Бұл әрине, баршамыздың ортақ жеңісіміз.

Колледжімізде даму мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған топтарда инклюзивті білім беруде іске асырылады. Осындай топтарға инк­люзивті білім беруде арнайы пәндерді оқытатын Нағашкүл Косерова қала­лық және республикалық байқауға қатысуда, біліктілігімен топ жарып жеңіс тұғырынан көрінер деген үмітіміз мол.

Педагогтардың кәсіби құзырет­тілігін дамыту – білім сапасын көтерудің басты шарты. Сондықтан оқытушылардың өз елімізбен қатар шет елдерде де біліктілік көтеру курстарынан өтуге мүмкіндіктер жа­салынған. Арнайы пән оқытушылары Англия, Польша, Малайзия  мемле­кеттерінде курстардан өтіп, тәжірибе жинақтап келді.

Елбасымыздың Жолдауынан бастау алған бұл байқаулар, өткізілген іс-шаралар білімді жастардың жарқын болашағына арқау болмақ. Біздің қуатты қарумыз – білімді жастар! Жастар – еліміздің ертеңі,  жарқын болашағымыздың кепілі. Міне, сон­дықтан да жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің артуына, саналы құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруына, өмірлік қағидасы күшті, рухты болып бекітілуіне көңіл бөлу біздің колледждің алға қойған мақсаты. Қоғамға ең керегі – жастарымыздың ертеңіне деген сенімі мен үміті. Сондықтан жарқын бола­шағымыз үшін ұрпағымызды тәрбие­леу  – Елбасы Жолдауын назардан тыс қалдырмаған колледж ұжымының  абыройлы да нәтижелі жұмысы болмақ.

Асылхан БЕЙСЕТБАЕВ,

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

 

 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *