ЖАСТАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНІҢ СОҢҒЫ МАУСЫМЫ ЖАБЫЛДЫ

Үш ауысымда ауқымды «Зерен–2019» танымдық лагеріне Қазақстаннан, сондай-ақ шет елден 600 дарынды отандастарымыз қатысты.

Лагерь бағдарламасы дәрістер мен семинар­лардан құралған білім беру блогынан және әлеуметтік бизнес-жобаларды жасайтын тәжірибелік блогынан тұрды. Қатысушылар келесі төрт бағыт­тағы жоба бойынша жұмыс істеді, олар: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа.

Әр ауысымда дарынды жастар қазылардың талқысына өздерінің бірегей жобаларын ұсынды. Үшінші маусымның жеңімпаздары 30 шілдеде анықталып, «Зерен–2019» республикалық білім беру жастар жазғы лагерінің соңғы маусымы жабылды.

Үшінші ауысымның жеңімпаздары:

«ІN DATA» командасы «Bіz map» жобасымен.

«UmіtApp» командасы «Round up» жобасымен. Жоба әмбебап дүкендер желісін қатыстыра отырып, қайырымдылық қорына қаржы тартуға бағытталған.

«Happy project» командасы «Be my frіend» жобасымен.

«ZhanAru» командасы «CіtyBox» жобасымен. Бұл жоба қоқысты бөлек-бөлек жинайтын автомат­тандырылған жүйені жасауға арналған.

«Healthy Lіfe» командасы «Magіc hands» жобасымен.

Сонымен қатар, үшінші маусымның басқа да жобалары: «Easy Kazakh» – цифрлы сегментте қазақ тілін дәріптеуге бағытталған әлеуметтік-коммерциялық жоба. Жобаның арқасында «Easy Kazakh-қа» шетелдік аудитория тартылады және қазақ тіліндегі оқу материалдарының тиімділігі мен сапасы артады. «GreenІT» – атмосфераны ластайтын заттардың шығу көлемін есептеуге арналған бағдар­ламаны жасау. «Іnflux» – ауаны тазалауға және сүзуге арналған энергиялық тиімді құрылғы жасау.

Лагердің салтанатты түрде жабылуымен құттық­тауға Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келді. Ведомство басшысы жастардың дайындық деңгейіне, ой-өрісіне және өз саласындағы біліміне сүйсінетінін жеткізді.

Лагердің үш ауысымы да шілде айында өтті. Бірінші ауысым 3–11 шілде аралығында, екінші ауысым 13–21 шілдеде, үшінші ауысым 23–31 шілде аралығында өтті. Осылайша әр ауысымда лагерге Қазақстан, Иран, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан елдері­нен 200 қатысушыдан келіп, Зеренді курорт­тық аймағында естен кетпес тоғыз күнін өткізді. Лагерь біткенше 15 үздік жоба анықталды. «Зерен–2019» лагерінің үш ауысымындағы жалпы жүлде қоры 15 млн. теңгені құрады, одан бөлек, кәсіпкер­лер 12 млн. теңге бөлді.

Күн сайын зерендіктердің алдында танымал спикерлер сөз сөйледі, олар: Қазақстан вице-премьері Гүлшара Әбдіхалықова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Прези­денттің кеңесшісі, саясат және қоғам қайраткері Ерлан Қарин, Kusto Group-тың негізін қалаушы және қосалқы иесі Еркін Тәтішев; қазақстандық әйгілі альпинист, жоғары деңгейлі альпинизм бойынша ҚР біріншілігінің бірнеше дүркін чем­пионы, әрі жүлдегері Мақсұт Жұмаев, Қазақстан­дағы ең ірі таксопарктердің бірінің негізін қалаушы, кәсіпкер Тимур Хұдайбергенов, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, Нұр-Cұлтан­дағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов және тағы басқалар.

Алдыңғы екі ауысымның жеңімпаздары:

1-кезең:

«Red Orda» командасы, «Жоңышқа — табиғи тыңайтқыш» жобасымен.

«Эко энерджи» командасы, «Био отын» жоба­сымен.

«Оңтүстіктікілер» командасы, «Qazaq oyі» жоба­сымен.

«Қамқор» командасы, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шығармашылық орталығы» жобасымен.

«Эко жер» командасы, «Вирмигумус» жобасы­мен.

2-кезең:

«Эко бахилы Zeren» жобасымен UPGRADE коман­дасы. Кем дегенде 350 рет пайдалануға болатын биологиялық ыдырайтын материалдан эко-бахил тігу.

Q4 командасы «Тақымды тұлға» жобасымен. Ұлттық ат оқу орталығының ашылуы.

Arasan командасы «Aіel Baqyty» жобасымен. Әйелдердің репродуктивті денсаулығына байланысты барлық проблемаларды шешу үшін инновациялық платформа құру.

Демеу командасы «Демеу» жобасымен. Мүмкін­дігі шектеулі адамдар үшін тегін оқу курсы және тұрақты жұмысқа орналастыру.

«Агро-М» жобасымен Ұмтылу командасы. Халва, май, косметика жасауға болатын сафлор өсіру, химия мен тыңайтқыштарды пайдалануға шығынсыз жануарларға арналған «тірі» азық.

Зерендіктер бүкіл уақытын жобаларды жасап, оны жүзеге асыруға ғана жұмсаған жоқ. Жастар күнделікті таңғы сағат 7.00-ден 8.00-ге дейін белсенді спортпен айналысып, команда аралық спорт сайыстарына қатысты. Қатысушылардың ең сүйікті сәттерінің бірі – FіreTіme (алау маңындағы кездесу) уақытында ынталандырушы спикерлер жастарға тәлім беріп, оларды жаңа идеяларға шабыттандырды және өздеріне деген сенімдерін арттырды. Одан бөлек, қатысушылар бос уақытында тауға шығып, Ақмола облысының көркем табиға­тымен танысты және Зеренді көліне шомылды. 27 шілдеде зерендіктер  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ұйымдас­тырған «Бірге – Таза Қазақстан» ауқымды эколо­гиялық челленджіне атсалысып, лагерь аумағын тазалады.

2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланғанын естеріңізге саламыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл еліміздегі жастардың дамуына және жас қазақстан­дықтардың қажеттіліктерін шешуге арналған нақты қолдау құралдарын құруға бағытталады.

«Зерен–2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылды. Лагердің мақсаты – нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік бағыттағы бизнес жобаларды Қазақстанның барлық өңірінде ашу. «Зерен–2019» жастардың өзін-өзі көрсетуіне көмектесіп, жастардың, соның ішінде ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік сатыларға қол жеткізуіне көмектесу үшін ашылған.

Қазақстан мен басқа да елдердің 18–29 жас аралы­ғындағы кез-келген азаматы «Зерен–2019» жобасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Лагерде тұру және білім алу шығынын ұйымдастырушылар көтерді.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 76 98 56, +7 701 333 71 80, e-maіl: medіa@askredpoіnt.com.

 

Анықтама:

«Зерен» республикалық жастар жазғы лагері дарынды жастардың бойында нағыз кәсіпкердің, азаматтық белсенді тұлға мен көшбасшының құндылықтарын қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған. Бағдарлама қорытындысы бойынша, нақты жүзеге асатын кәсіпкерлік бизнес-жобаларды Қазақстанның барлық өңірінде іске қосу жоспарла­нуда. Болжалды нәтиже – жаңа азаматтық баста­маларды ашу арқылы ауыл және қала жастарының дамуына серпін беру.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *