ЖАСТАР ЖАҢА ПАТРИОТИЗМ МОДЕЛІН НЫҒАЙТУҒА БЕЙІМ

Жастар тәрбиесі – қоғамның ең өзекті мәселесі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды   салалардың бірі. Биыл  елімізде  «Жастар  жылы»  болып  жарияланды.

Жастардың  білімі мен кемелді болашағы  қай  кезде де  қоғамды көп толғандыратын мәселе  болған.  Сондықтан қоғам өз мұрасын,  мәдениетін және құндылықтарын  кейінгі  ұрпаққа қалдыруды  алдына мақсат етіп қояды.

Елбасымыз Нұрсұлтан  Назар­баев «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман бола алатын деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елі­мізде әлемдік стандарттар дең­гейінде сапалы білім беру қыз­метіне қол жеткізуге тиіспіз», – деп атай отырып, мемлекет бола­шағы жастарда, сондықтан сту­дент жастарға тек білім беріп қана қоймай, тәрбиелі, дені сау, егемен елдің дамуы мен өркендеу жолын­да талмай еңбек ететін азамат етіп тәрбиелеу қажеттігін нақты мін­дет етіп қойып отыр.

Қазақстан  Президенті «Нұр­лы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «Мен жастар біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты. «Нұрлы жол», міне, біздің креативті жастары­мыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы» деген еді.

Шын мәнінде жастарымыз – елдің негізгі күші. Оның басты стратегиялық кадрлық ресурсы. Бүгінгі таңда Қазақстанда жас­тардың саны 4,2 миллионнан аса­ды, яғни  олар халықтың 25 пайы­зын құрайды  деген сөз.

«Қазақстан Республикасын­дағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республика­сының Заңы» 2004 жылы қабыл­данды. 2004 жылғы 7-шілдедегі ҚР «Қазақстан Республика­сын­дағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын жетілдіру мәсе­лелері және «2011–2020 жыл­дарға арналған Қазақстан Рес­публи­касының Білімді дамту мемле­кеттік бағдарламасының» жобасы қарастырылды. Биылғы  Жастар  жылы  арқылы елімізде  алғаш рет  жастарға жүйелі түрде  қол­дау көр­­сетудің  кешенді  шара­лары  қабылданып отыр.

Әлемдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, жылдам өзгермелі жаһандану үрдісінің қозғаушы күші – білім мен ғылымды, жаңа технологиялар мен ақпараттарды жетік игерген адами капиталы жоғары мемлекеттердің енші­сінде. Аталмыш бәсекеде елдің ересек топтарына қарағанда жас­тардың инновациялық әлеуеті, тез қабылдағыш зейінділігі, баста­машылдығы мен белсенділігі қоғам дамуының алғышартына айналып отыр. Бұл біздің мемле­кетіміз үшін де заңды құбылыс.

Мемлекет  басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласындағы  тапсырмаларын еліміз жастары арасындағы білім алу, оның ішінде еңбек нары­ғындағы сұранысқа сай маман­дықты игеру, жұмысқа орналасу, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу сынды өзекті мәсе­лелердің толықтай шешімін табуға бағытталған құжат ретінде қарастыруға болады.

Президенттің  бағдарламалық мақаласында «Біздің жолымыз – ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйек­тілікпен қалыптастыру жолы. Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәні де дәл осын­да», – деп атап өтуі  тегіннен-  тегін  емес. Осы тұста жастар мен жасөспірімдерді тұрғылықты жері бойынша бос уақытын тиімді өткізуге, сол арқылы қазақстан­дық патриотизммен тәрбиелеуге бағытталған «Аула клубтары» жобасын дәйекті түрде атауға болады. Мыңдаған жасөспірім мен жастарды, балаларды ортақ қызығушылықтары мен ынтасына қарай біріктірген сан түрлі мә­дени және спорттық үйірмелерде елімізді мекен еткен сан түрлі ұлттар ұрпағы бірлік пен дос­тықта басқосуда. Олардың әрбір жеткен жетістіктері мен бағын­дырған белестері біздің ортақ жеңісіміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баевтың «Мәңгілік Ел» идеясы Қазақстан мемлекетінің мызғы­мас идеялық тұғыры!

Жастардың  тәрбиесі мен өмірге  бейімділігін  қамтамасыз  ететін  бағдарлама  мемлекеттің ең  маңызды  бағдарламасы екені сөзсіз.  Мемлекетімізді, жастары­мызды,  ұлттық және  рухани  құн­дылықтарды болашақ  ұрпақ­қа табыстау  ұлы  мұрат. Ол тура­лы Қазақстан  Президенті Жастар  жылының  ашылу  салтанатында  жан-жақты  айтып  берді.

Қоғамдағы өзекті мәселелер мен еліміздің даму бағыттары туралы Елбасымыз өзінің ой­ларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа үнемі жеткізіп отырады. Осынау өрелі ой-пікірлер бүгінгі күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық өр­кендеуі мен рухани жаңғыруы­ның негізіне айналып отыр. Сон­дықтан оны негізінен жаһан­дық дағдарыстарға қарамастан 5 инс­титуттық реформаны жүзеге асырудың басым бағыттарын айқындап беруімен ерекшеле­нетін Стратегиялық бағдарлама дер едім. Сондықтан «Жаңа қазақ­стандық арманды» жүзеге асырудың сара жолын көрсеткен мақаласында  Елбасымыз:  «Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игілік­терге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашан да туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді»,  деп бастап, ұлтымыздың ұлы мұратының әрбір қазақстан­дықтың ізгі ойынан құралаты­нына ерекше мән беруінің  өзі  түсінген  жанға  үлкен  серпін  беретін  үлкен  күш. Бүгінгі таңда  біз Елбасымыздың көреген саясатының арқасында бақытты өмірге қол жеткізіп  отырмыз. Мемлекет басшысының осы бағдарламалық мақаласы алдағы күннің бұдан да бақытты, бұдан да кеңейе, нұрлана түсетіндігіне халықтың сенімін нығайта түсетініне  сенім білдіреді.

Еліміздегі ауызбіршілік пен ынтымақ  басты  мұратымыз. Осы ретте Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен мәніне тоқтала келе: «Ел» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін ең жақын және өзіне тартушы құндылық болған және болып қала береді» деп Мәңгілік Ел идеясының біріктіруші күші халықтың өз Отанына деген сүйіспеншілігінен бастау ала­тын­дығын атап көрсеткен  бола­тын. Толыққанды белсенді тұлға ретін­де жастардың  үнқатысуында  төзімділік құндылықтарының  дамуына  қолайлы  барлық  жағ­дай жасалған.

Еліміз  қоғамдық  сананың  өзгеруімен қатар  жүретін  Үшін­ші модернизацияны бастан  кешу­де.

Бір кездері бабаларға арман болған, аталарымыздан аманатқа қалған аңызды ақиқатқа айнал­дыратын «Мәңгілік Ел» идеясы ұлт мұраты болып, келешек ұр­пақ­ты ізгі ниеттерге жетелейтіні анық.

«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру бүгінгі ұрпақтың парасатты парызы келешек ұрпаққа тағы­лым. Осы ұлы мұратты жүзеге асырсақ, бабалардың алдындағы қарызымыз бен балалардың ал­дындағы парызымыздың өтелері айқын. Қазақстан әлемдегі алып елдердің қатарынан өз орнын алса, әлемге танылған елдің ұлан­дары ел мен жердің иесі болатын­дай намысты болып жетілсе, ұлттық құндылық­тарымыз ұрпақ­тан ұрпаққа беріліп отырса, «Мәң­гілік Елдің» болашағы баянды, келешегі нұрлы болары белгілі.

Өткен уақытта дамыған елу елмен иық теңестірдік, енді бәсекеге  қабілетті отыз  елдің ортасынан ойып орын алуға ұмтылудамыз. Мемлекеттік сая­саттың тірегі халықтар достығы, ел бірлігі, қоғам тұтастығы. Осы үш тұғыр бекем болса, Мәңгілік Елдің шаңырағы да биік бола­тыны анық.

Мәңгілік Ел болашақтың жобасы, сондықтан ол ұрпақтар сабақтастығымен жалғасатыны ақиқат. Ұлы Дала елінің ғаламат тарихы мен қайталанбас құнды­лықтары туралы салиқалы ойлар айтып, ұрпаққа ұлағат бола­тындай игі істер атқару бүгінгі ұрпаққа міндет, келешек ұрпаққа аманат.

«Мәңгі ел» болуға бет алған қазақ елінің   отаншыл жастары болашаққа үлкен сенім білдіре отырып, ұлтының өсіп-өркен­деуіне ықпал ететін, өркениетті ел азаматы болуға дайындалуда. Сондықтан біз алдымызға нақты міндеттер қоя отырып, мықты да бәсекеге қабілетті «Мәңгі Қазақ­станды» құру үшін аянбай тер төгетін  жастарды  тәрбие­леуге бар күш-жігерімізді жұм­сай­мыз.  Біздің  еліміз  жастары­ның  талға­мы жоғары, ұлттық ру­хы биік, патриот жастар.  Демек, «Менің Қазақстаным» атты патриоттық тәрбиені  ешуақытта  әлсіретуге  болмайды.

Оқу  қашан да  ізгіліктің   құра­лы.  Сондықтан  жас ұрпаққа Президентіміз Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан жолы» кіта­бын оқуды ұсынған болар  едім. Негізі – бұл кітап жас ұрпаққа арналған. Онда Президент жас­тарды көшбасшылыққа ынта­лануға шабыттандырады, білгір­лікке, сабырлық пен ақыл-парасаттылыққа шақырады. Бұл қасиеттер даму мен қалыптасу дәуірінде жастарға  қажет. Осы тағылымды кітапты оқу арқылы жастар патриотизмге тәрбиеленіп, өз Отанын сүюді үйренеді. Кітап ыстық бауырмалшылдық сезімге, өз бастауы мен түп негізіне деген сүйіспеншілік пен мейірімге толы. Еліміз студент жастары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында бүкіл Қазақстандық жастарды біріктіру мақсатында Жастар қозғалысын құру туралы бастама көтеріп, республикалық «Мәңгілік Ел» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігін құрды. Бүгінгі таңда жоғары  оқу  орындары  студент­тері «Мәңгілік Ел» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі аясында көптеген игі істерді жүзеге асыруда.

Президент Нұрсұлтан  Назар­баев әр жылғы Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауларында саламатты өмір салтын сақтау, дене тәрбиесі мен спортқа деген өзінің жеке пікірлерін атап көрсетіп  келеді.

Мемлекетімізде жастардың  дамуына  барлық  жағдай  жасал­ған.   Олардың мемлекет өміріне қатысуына да ерік  берілген.  Жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту   нақты белгіленген. Сон­дай-ақ, қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту мен денсаулық сақтау және нығайту назардан тыс қалмаған.

Биылғы жыл – Жаңа пат­риотизм моделін нығайтатын, ұрпақ тәрбиесінде  ерекше рөлге ие болатын жыл. Мемлекеттің бір бөлшегі біртұтас қоғамды құруға атсалысатын, болашақтың алтын кілтін иеленетін саналы ұрпақты  қалай  тәрбиелейміз,  бұл маңыз­ды  шара.

Мемлекет басшысы иннова­циялық жобаларды өмірге әкелу мақсатында Үкіметке зайырлы бағдарламалар қабылдауды  тап­сырды. Әйтсе де,  білім сала­сына мол қаржы салу мен жүйелі басқару арқылы саяси, мәдени, экономикалық өрлеуіміз одан әрі ұстаздар қауымының біліктілігі мен білімін, материалдық-әлеу­меттік жағдайын, олардың білім алушы мен қарым-қатынасын дамыту да  саланың дамуына тіке­лей қатысы бар.  Кезінде неміс гимназиясынан ой жүйесінің стандартқа сай келмеуі себепті қуылған әйгілі Альберт Эйнш­тейн кейін Швейцарияда ұстаз­дардың тәрбиесі мен білім бер­уінің нәтижесінде әлем танитын тұлғаға айналды.

Елімізде  жастарға арналған бірнеше  бағдарлама бар.  Жастар  бүгінде  өзгенің  ақылын тыңдау­мен ғана емес, сонымен бірге өздерінің  сөздерін де  тыңдатуға  деген  сұранысы бар. Бұл жастар­дың диалогқа  түсуге құлшы­нысын  білдіреді. Екіншіден, бұл жастардың пікір  сайыстыру  мәдениетін қалыптастыруына  мүмкіндік  ашады.

Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары да басты рөл атқарады. Бір кездері көрсетілген «Лидер 21 века» бағдарламасының   өткізіл­уімен қаншама жас буынның бойында білімге деген ұмтылыс  оянған  еді.  Ал қазір ертелі-кеш «шоу бизнесті», яғни сахна төңірегіндегі адамдардың не істеп, не қоятынын көрсетумен әуреге  түсуіміз  бізді  әуелгі  бағыты­мыз­дан  басқа  арнаға бұрып жіберді.  Сондықтан біздің басты арна­ларымыз  осыны  қайта  қолға алса дұрыс болар еді. Сондай-ақ,  елімізде білімді, бірнеше елдің тілін білетін, халықаралық әйгілі компанияларда беделді қызмет атқаратын қаншама жастар бар, қаншама ғылым жолында тер төгіп жүрген тұлғалар бар. Сондай адамдарды   жастарға үлгі етіп көрсету керек. Ғылыми жаңалығының себебімен мил­лиардер атанған Стив Джобс, Билл Гейтс сияқты үлгі  ететін  тұлғалар   жоқ болуынан біздің жастардың  ғылыммен биік деңгейге жетемін, яғни ғылым арқылы мол қаржы табамын деген түсінігі  бәсең.  Әлемде иннова­циялық жобалар адам санынан да көптеп өмірге келуде. Егер  осы  жолды  ұстансақ, елімізде  білім-ғылымға  бет бұратын  жас­тар­дың потенциалы  артатынына  сенеміз.

Қазіргі  таңда  білімді адам болу үшін бірдеңе білу  және істей алу  жеткіліксіз болып қалды. Жаңаны білу, жаңаны  үйреніп отыру өмірлік қажеттілікке ай­налды.  Сондықтан Жастар орта­лығында студенттердің құқық­тары мен мүдделерін қорғау, жастар уақытын тиімді пай­далану, жастар бойында патриот­тылық пен азаматтық жауап­кершілігін арттыру мақсатында қоғамдық-саяси идеологиялық бағыттардағы студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік  кеңесі», «Мәңгілік Ел» қоғамдық жастар бірлестігі, «Қазақстан студенттер альянсы» РСҚ, «Жас Отан» жастар қанаты, «Ақиқат» пікір-сайыс орталығы, «Достық» клубы, кәсіптік еңбек және еңбекке баулу бағытында «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары» жұмыстарын  одан  әрі  жетілдіре  беру  керек.

Анар  ТЫЛАХМЕТОВА,

Ш.Уәлиханов  атындағы  Тарих  және  этнология  институтының  кіші  ғылыми  қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *