Жастар жұмысшы мамандықтарына да бет бұрса

Елбасының биылғы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы бізге қанат бітірді. Қоғамда өзге жастағы азаматтарға қарағанда бойында қуатты күші, жастық жалыны, тың серпінді айтар ойы бар жастардың орны бөлек.

Жастарға нық сенім жүгі артылып отырған соң жастар қоғамның кез-келген саласында өз-өздігінен қозғаушы күшке айналуы керек. Бұл ең алдымен, білім-ғылым саласында орын алып жатса құба-құп.

Әлемдік бәсекелес кезеңінде жастар ғылымды терең әрі жан-жақты меңгере отырып, елімізді жаңаша бағытта, оның ішінде технология, инженерия, көп тілділік, соңғы жаһандық көшіндегі бағдарламаларды жедел әрі сапалы меңгеруді қолға алуы маңызды. Мысалы, өзіміз туып-өскен Созақ өңірі ата-баба­мыздың ежелгі кәсібі – ауыл шаруашы­лығы, оның ішінде мал шаруа­шылығы саласына бел шеше белсенді кірісуі заңдылық. Мал шаруашылығын асыл тұқымды мал түріне бағыттап, селек­циялық, генетикалық асылдандыру, мал жайылымдарын ғылыми тұрғыда жақсарту, жем-шөп қорын сапалы, әрі азықтық қорлармен байыту, жаңаша жұмыс бағытына бет бұру ауыл жастары үшін аз жұмыс болмайтыны анық. Ал осы жұмыс­тарды қолға алу үшін білімді, мал шаруа­шылығын ғылыми тұрғыдағы көзқараспен ұштастыра алатын жастар шоғыры көбеюі керек.

Жастар өз бойындағы қайрат-жігеріне сене келе, тау қопарар Толағай кейіпте батыл бастамалардың иесі болуы керек. Бүгінгі таңда Елбасымыздың тапсырма­сымен «Жас маман» бағдарламасы әзір­ленуде. Әрине, жастардың түгелге жуығы ғылым мен жаңа технология бағытын игеріп кетеді дей алмаспыз дей тұрғанымен, зор мүмкіндіктер, маңызды қажеттіліктерді иелене отырып, шопандық сала, құрылыс, егіншілік сияқты түрлі кәсіби жұмысшы мамандықтарды (металл жонушы, дәнекерлеуші, шаштараз, бағбан және тағы басқа да)  игеруге бағыт ұстануы керек. Әрбір жас өзінің кәсібі мен атқарып жүрген жұмыстарының нағыз иесі болуға өз-өзін міндеттеуі керек. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар әзірлеген арнайы «Жол картасы» жастарға жұмыс істейтіндей жағдайға сәйкес болып жатса қоғамда ілкімді ілгерілеушілік болары анық. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы– 2020» бағдарламасы, «Агроөнеркәсіпті дамыту» бағдарламасының жастар үшін аясын кеңейту керек секілді. Онда, яғни бағдарламада  ауылдағы әрбір жастар үшін қандай нақты көмек, нақты қолдау және нақты бағыттар бар екендігі,  әлеуметтік, қаржылық басымдықтары тайға таңба басқандай көрсетіліп тұрса, сонда ауыл шаруашылығы саласына ынтық жастарға бағдаршамның көк түсі жанар еді. «Мен жастарға сенемін!».

Елнұры ЖЕҢІС,

«Тұран» университетінің

3-курс студенті.

 

Алматы КӨКТЕМІ

Биыл – Жастар жылы. Жуырда Алматы жастарының шығармашылығын қолдау және алматылықтар мен қала қонақтарына көктемдік көңіл-күй сыйлау мақсатында Алматы музейі «Алматы көктемі» тақырыбында көрме ұйымдастырды.           

Көрмеге «Сымбат» дизайн және технология академия колледжі студенттерінің қолынан шыққан киім-бұйым­дары қойылды. Сондай-ақ, шығар­машылыққа енді ғана қадам басып келе жатқан қыз-жігіттерді шабыттандыру мақса­тында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, көптеген халықаралық байқау­лар­дың лауреаты, танымал суретші Анар Әбжано­ваның туындылары да көрме залын безендірді.

Кеште еліміздің танымал өнер жұлдыздары ән салды.

 

Бетті жүргізген – Нұржамал ӘЛІШЕВА

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *