Жастар өздеріне, туған-туыстарына және қоғамға жанашырлық танытуы керек

Ақын Т. Медетбек алматылықтарды санитарлық талаптарды сақтауға шақырады

Қаладағы карантиннің жеңілдеуіне байланысты, Алматы зиялылары жастарға жауапты болуды және санитарлық талаптарды сақтауды жалғастыруды сұрады. Олардың қатарында қазақ ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Темірхан Медетбек бар.

«Дәрігерлердің жұмысының, халықтың санитарлық ережелерді сақтауының арқасында індет шегінуде. Бірақ оның салдары аз емес және кез-келген уақытта өршіп кетуі мүмкін. Әр адам абай болу керек. Карантиндік шараларды одан әрі ұстанып, ол туралы ұмытпау керек. Мерекелерді ұйымдастырудан аулақ болған жөн. Әсіресе жастар немқұрайлылық танытпауы керек. Жастар өздеріне, туған-туыстарына, қоғамға жанашырлық танытуы керек. Жастарды шыдамдылыққа шақырамын. Болашақ жастардың қолында, сондықтан олар 10 есе жауапты және мұқият болулары тиіс. Барлық алматылықтарға жақсылық, амандық тілеймін!»,- деді Темірхан

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *