Жастар «Таза қала» акциясын ұйымдастырды

Серік ЖҰМАБАЙ

 

 

Жалпықалалық сенбілік аясында Алмалы ауданында орналасқан жоғары оқу орны және колледж студенттері «Инстаграмм» әлеуметтік желісінде ашылған Алмалы ауданы жастары парақшасы арқылы «Таза қала» акциясын өткізіп, сенбілікке шақырды. Жалпы, Алмалы ауда­нында 65 мыңнан астам студент оқитын 16 ЖОО және 20 орта арнау­лы оқу орны орналасқан.

Сондай-ақ, сенбілік барысында «Амангелді» саябағында Алмалы ауданының әкімі Ж.Естенов бастаған аппарат қызметкерлері, аудан арда­герлері және жергілікті тұрғын­дардың қатысуымен ағаш отырғы­зылып, көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағында сенбілік жұмыс­тары 30 шағын участоктер бойынша жүргізілді. Жалпы, сенбілікке 37 мыңнан астам адам қатысты. Аудан бойынша сенбілік кезінде 105 техника жұмылдырылып, 780 м3 қоқыс шығарылды.

Қоғамдық және жастар ұйым­дары, мектептер, ауруханалар, бала­бақшалар, ПИК-тер, жоғары және арнайы орта білім беру мекеме­лері­нің студенттері, әлеуметтік мекеме­лер және тұрғындар аудан бойынша сенбілікті жоғары деңгейде өткізуге өз үлестерін қосты. Жалпы­қалалық сенбілік өткізу бары­сында көшелер, аулалар, жалпы қолда­ныстағы орындар, арық жүйелері, бос орын­дар, жасыл желектер, өзен арна­лары мен су қоймаларының жағалары тазаланды.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *