«Жастар тәжірибесі» жас мамандардың шыңдалу мектебі

Санаулы күндерден соң мыңдаған студент-жастар жоғары және арнаулы оқу орындарын аяқтап, қолдарына дипломдарын алып, үлкен өмірге жолдама алмақ. Сол үлкен жолға қамданып, еліміздегі жас мамандар санын толықтыратындар қатарында Алматы экономикалық колледжінің түлектері де бар. Жас мамандарға бағыт-бағдар беру ең басты міндет десек, Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөлімінің мамандары қашанда жастар арасынан табылады.

Н.ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Орталықтың кәсіптік бағдарлау бөлі­мінің маманы Керімқұл Жекетаев Алматы эконо­ми­калық колледжінің бітіруші түлектерімен және 2-3-курс студенттерімен кездесу өткізіп, оларға жұмысқа орнала­судың белсенді шаралары туралы ақпа­раттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттер еңбек нарығындағы жағдайлар туралы ақпа­раттар алып, Жұмыспен қамту орталығы­ның кәсіби бағдар беру жұмысы, жұмыспен қамту бағы­тында атқарылып жатқан жұмыстары, жұмыс­қа орналастыруға бағытталған бағдарламалар, жас мамандар­ға арналған «Жастар тәжірибесі» бағдар­ламасы туралы айтты.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жас мамандар үшін алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға мол мүмкіндік беретін мектеп екенді­гін баса айтқан К.Жекетаев биылғы жылы колледж бітіргелі отырған жас маман­дарды «Жастар тәжірибесі» бағдарла­масына қатысуға шақырды. Сондай-ақ, орталықтың жетекші маманы жұмыс іздеу үшін www.enbek.kz электронды еңбек биржасын пайдалануға кеңес берді.

Іс-шара соңында К.Жекетаев колледж түлектеріне дипломдары бойынша жұмысқа орналасуларына тілектестігін білдірді. Ал егер де Жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет болып жатса, Назарбаев даңғы­лы, 50-үй мекен-жайында орналас­қан Жұмыспен қамту орталы­ғының есігі қашан да ашық, — деді бөлім басшысы.

Сондай-ақ, Орталықтың жеке бизнес ашуға, біліктілігін арттыруға, қосымша білім алуға да жәрдемдесетіндігін, «Еңбек» мемле­кеттік бағдарламасы туралы да айтып берді. Оқуларын бітіріп, қолдарына диплом­дарын алғалы отырған жас мамандар бұл жүздесуден келешектеріне қажет көп кеңес алғаны анық.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *