ЖАСТАР РЕДАКТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясының ғимаратында журналист, «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қали Сәрсенбаймен кездесу өтті.  

— Жастар – еліміздің болашағы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылын ашарда, халықаралық қауымдастықта алдыңғы орынды иелену үшін интеллек­туалды жастарды қолдау қажеттігін айта отырып, қоғамды алға дамытатын рухани процестерге жастарды белсенді қатысуға шақырды. Осындай рухани кездесулер жастардың өркендеуіне, сана-сезімдерінің дұрыс қалыптасуына көп үлесін тигізері сөзсіз, – деді Қали Қошқарұлы.

Алматы қаласы еліміздің әр өңірінен келген студенттердің басын бір арнаға тоғыстырған қала. Дәл қазіргі уақытта қаламызда 800 мыңға жуық жас шоғыр­ланған. Мемлекеттің қолдауының арқасын­да жастар қаламызда арнайы білім орта­лықтарынан тегін білім алып, ізденістерін одан әрі дамытып, шеберліктерін шыңдауда. Бұл қаламыздағы жастарға жасалған үлкен көмектердің бірі.

Кездесуде журналист Қали Сәрсенбай өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды білімге үндеп, рухани құндылық­тарды дәріптеп, сөз арасында ақпарат саласындағы өзекті мәселелерді де атап өтті.

Қали Қошқарұлының жылы лебіздері кездесуге қатысқан жастарға рух беріп, көңілдеріне қанат бітірді. Еркін форматта сұрақ-жауап түрінде өткен кездесуде жастар көкейкесті сұрақтарына тұшымды жауап ала алды.

Кездесу соңында автор «Эстет», «Абыз-аңыз», «Шер – Шын­дық» атты  кітаптарын  жастарға қолтаңба­сымен  сыйға берді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *