«ЖАСТАР – ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБАСЫ жалпыхалықтық бағдарға айналуы тиіс

Еліміз жаңа кезеңге қадам басты. Қазақстан халқы өзінің тарихи демократиялық таңдауын жасады. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашық та әділ бәсекеде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын терең меңгерген, әлемдік саясат сахнасында көрнекті орны бар тұлғаның басшылыққа келуі халық таңдауы мен Елбасымыздың көреген саясатының жемісі деп білеміз.

 Президентті ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірі өте маңызды екенін атап өтіп, қазақстан­дық­тарға үнемі есеп беруге, тек уәде бермей, оны іс жүзінде жүзеге асыруға уәде берді. Сонымен қатар, Мемлекетіміздің басшысы болашақта атқарылатын он негізгі міндетті атап көрсете келіп, ел алдында ауқымды жалпыхалықтық міндеттер тұрғанын, мақсатымыз – айқын, жолымыз – ашық екенін, Қазақстан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар еліне айналып отырғанын, мұның игілігін жастар мен келешек ұрпақ көретінін қадап айтты. Біз, расында да, Президентіміз атап өткендей, бабалар дәстүрін қастерлейтін, жаһанның озық жетістіктеріне ұмтылатын халықпыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бүгінгі күнгі кезек күттірмейтін проблемаларды атап өтті. Сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту, тұрғын үй мәсе­лесін шешу, өңірлерді дамытудың жаңа бағдары, «Рухани жаңғыру» құнды­лық­тарын дамыту, қоғамдағы жастар рөлінің маңызын арттыру – міне, бұлардың бәрі жарқын болашағымызды жақында­татын бағдарлар.

Бізді, ұстаздар қауымын, жастарды тәрбиелеп келе жатқан маман ретінде жастар мәселесіне қатысты бағдар ерекше толқытты: «Жас ұрпаққа ерекше назар аударамыз. Жастар еліміздің дамуында маңызды рөл атқарады. 2019 жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Біз соны одан әрі іске асырамыз. «Жастар – ел тірегі» деген арнайы жобаны бастаймыз», – деді Президент. Мемлекет басшысы креативті ойлайтын, өз мақсаты айқын, еңбексүйгіш жастарға үміт арта отырып, тәуелсіз Қазақстанның болаша­ғына сеніммен қарайтынын айтты. Бұл, біздер үшін де, жалпы, жастар тәрбиесімен айналысатын барлық ұстаздар қауымы үшін де маңызды да, жауапкершілігі жоғары аса жауапты бағдар деп білеміз.

 

А.НҰҒМАН,

«Алматы телекоммуникация және машина жасау»

колледжінің директоры.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *