Жастар Боралдай тарихына үңілді

«Алматы музейлер бірлестігі» басшылығы Алатау және Іле аудандарындағы жалпы білім беретін мектептермен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойған еді. Осы меморандум аясында «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінің ұжымы жақында Алматы қаласына қарасты Алатау ауданының №180 ЖББ мектебінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орайластырып, екі аудандағы мектептердің оқушыларының басын қосып, «Боралдай – тарих тағылымы» атты ғылыми конференция өткізді.

Конференцияның жоғары деңгейде өтуіне, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінің ғылыми қыз­меткерлері Ерлікбай Бессатұлы, Дәулеткелді Нүсіп­ақынұлы, Алмат Нұрғалиев бар, ауызбіршілікпен атса­лыстық. Сондай-ақ, оған Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Сержан Бараханұлы, ғылыми-экспозиция бөлімінің жетекшісі Тимур Болсынбек, №180 мектеп директоры Ләззат Байшымырқызы қолдау көрсетті.

Іс-шара барысында конференция қонақтарына экраннан Алматы музейлері бірлестігіне қатысты мәлі­меттер көрсетілді. Сондай-ақ, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде болашақта салынатын «Боралдай сақ мәдениеті орталығының» жобасы  таныстырылды.

Бұдан ары М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептің 9-сынып оқушысы Амраева Сабина «Боралдай қорған­дары», осы мектептің 7 «а» сынып оқушысы Ибрагимова Мадина «Боралдай сақ қорғандары» (жетекшілері Сахидям Авутанова, Гүлпиям Маметова), №26 мектептің 11- сынып оқушысы Мырзабаева Салтанат «Боралдай сақ қорғандары – Алатау ауданының бренді» (жетекшісі Гүлнар Жұмабаева), №156 мектептің 10 «б» сынып оқушысы Шолпан Әбутәліп «Аспан астындағы мұражай» (жетекшісі Жанна Ерсінқызы), №14  мектептің 10-сынып оқушысы Қайырбекқызы Дария «Боралдай сақ қорғандарының құпиясы» (жетекшісі Гүлнар Мұратқызы), №180 мектептің 7-сынып оқушылары Карлова Данагүл, Файзулла Ақмерей «Ежелгі сақ обаларын қайта жаңғырту» (жетекшісі Жадыра Абдиманапова) тақырыптарында баяндамаларын оқыды.

Ізімізден келе жатқан білімді жеткіншектеріміздің баяндамаларына, ізденістеріне риза болдық. Бұл еңбектері Алматы қаласының музей қорына тапсырылатын болды. Жобаға белсене қатысқан оқушылар мен жоба жетекшілері арнайы дипломмен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар тапсырылды.

 

Жұмақадыр ИСАБЕКОВ

     музейдің ғылыми қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *