«Жастарға жол» беріңіз!

«Еріктілер жылы» аясында Оқушылар сарайында «Жастарға жол» қоғамдық қоры төрағасының 2019 жылы атқарған жұмысының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, қоғамдық қордың атқарған жұмыстарынан өзге, алдағы жоспарланып отырған, яғни 2025 жылға дейінгі жұмыс жоспары талқыланды.

Рая ЕСКЕНДІР

 Басқосуға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, әлеуметтік серіктестік өкіл­дері, колледж студенттері мен қаламыздағы балалар үйлерінің түлектері қатысты.

«Жастарға жол» қоғамдық қорының құрылғанына биыл 5 жыл толып отыр. Атал­мыш қор балалар үйлері түлектерінің бастамасымен жүзеге асқан еді.

Осы жылдар ішінде аталмыш қор балалар үйлерінде тәрбиеленген түлектер мен әлеу­меттік аз қамтылған отбасыларға, яғни 10 мың­нан астам заңдық және психологиялық тұрғыдан тегін көмек көрсеткен екен. Осы мекеменің ұйытқы болуымен, қордың көмегімен жастар жұмыспен қамтылып, тегін тәжірибеден өтті.

Қордың төрағасы болып келген Рафаэль Гасановтың айтуынша, жастардың аяғынан тұрып, өз кәсібін игеріп кетулеріне де «Жас­тарға жолдың» орасан көмегі болған. Бүгінде өз кәсіптерін дөңгелетіп, әрі жастарды жұмыспен қамтып отырған да белсенді кәсіпкерлеріміз бар, – деді.

«Жастарға жол» қоғамдық қоры форум­­дар, тренингтер, «дөңгелек үстел­дер», мәдени іс-шаралар, семинарлар мен халықаралық конференцияларды, т.б. шараларды ұйымдас­тырды. Әлі де осындай танымдық іс-шара­лардың жиі өтуіне бастамашы болып отыр.

«Жастарға жолдың» тікелей қолдауымен жас мамандар өз біліктіліктерін жетілдірді. Бүгінгі таңда «Жастарға жол» қоғамдық қорының 15 мыңнан астам талантты, белсенді жас еріктілері бар. Осындай жүздеген іс-шараның өтуіне және оны жүзеге асыруға белсене атсалысып жүрген «Жастарға жолдың» әлі де алар асуы алда, – деген Рафаэль Гасанов қордың алдағы жұмысымен таныстырды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *