Жасампаз ұлт формуласын сомдаған еңбек

Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.

 Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

 

 

Мемлекет басшысының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы­ның жарияланғанына бір жыл тол­ды.

Халқымыздың мәдени, рухани, тарихи тегін түгендеп, зерделеуде кешегі Алаш арыстарынан бермен қарай айтқанның өзінде небір іргелі, айтулы еңбектер жазылып, ұлт санасында бетбұрыс жасалғаны анық. Елбасының аталмыш бағдарла­малық мақаласы да сол үздік үрдісті терең толықтырып, бүгінгі заманауи технология кезеңіндегі ұлт рухын, оның ұлттық кодын сақтап қалу жолына жасалған бағыт-бағдар, батыл бетбұрыс болды.

Ең алдымен, түпнұсқасы қазақ тілінде жазылып, «Егемен Қазақ­станда» жарияланған бұл еңбек «Мәңгілік ел», «Ұлы дала елі» идеясы­ның тұғыртасы. Бұған дейін жиі айтып келген ұлттық идеологияңыз да осы. Ұлттың басты идеологиялық төлқұ­жаты десек те болады. «Егер заң арқылы басқарылса, жазалау арқылы реттелсе, халық аяғын тартады, бірақ ұятты сезінбейді. Егер ізгілік арқылы басқарылса, оны дәстүрге айнал­дырса, халық ұялып қана қоймайды, көндігуге тырысады» депті Кон­фуций.

Демек, ұятты сезіну үшін қоғамды, мемлекетті ізгілік арқылы басқарған жөн. Ал ізгіліктің бар негізі, дәні оның руханиятында, тарихында, мәдение­тінде, ғылымында, дінінде, ділінде, ұлы өнерінде жатыр.

«Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспау түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады» делінген мақалада. Демек, енді біздің адасуымызға хақы­­мыз жоқ. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің атап көрсеткеніндей, бұл мақалада Елбасы жасампаз ұлт форму­ласын сомдап шықты. Бұл бізге темір­қазықтай бұл­жы­мас, ең басты рухани бағдар болуға тиіс. Таяу онжыл­дықта реализм мен праг­матизмге не­гіз­делген ұлттың ұраны болуға тиісті.

Басылымның бүгінгі арнаулы нөмі­рі де осы ме­рейлі күн­ге арналып отыр. Бір жыл ішінде атқарылған келелі іс­тер, бір­тұ­тас қазақ ұлты­ның бағыт-бағ­дарын айқын­дайтын бағ­­дар­ла­малық мақала  төңіре­гіндегі ой-толғаныс­тар, пікірлер, көзқарас­тар, лебіздер легіне ден қойыңыз.

Рухани жаңғыру бізге не берді? Біз оны түсініп болдық па, өзгере алдық па?

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *