Жас зергер

Алматы музейінде Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарла­масы аясында  О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер коллед­жінің 80 жылдығына және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы мектеп-интернат, коллед­жінің 30 жылды­ғына орай «Шебер  қолдар» тақыры­бында ағаш ою және зергерлік бұйымдар байқауы, сондай-ақ, осы бағытта шеберлік сабақтары өтті.

Бұл байқау жаңа таланттарды ашу,  сәндік-қолданбалы өнерді сүйетін жас жеткіншектердің кәсіби шеберлігін шыңдауына мүмкіндіктер туғызу, олардың интеллектуалдық деңгейін жетілдіру, отандық және әлемдік өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Шебер  қолдарға» Алматы қаласының көркемсурет колледжі студенттері мен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қалалық қолөнер мектебі оқушылары қатысты. Жастардың түрлі тақырыптағы жұмыстары бірінен-бірі өтеді: бәрінде де жүрек бар, сезім, шабыт, отаншылдық рух бар. Жас өнер иелерінің бұйым­дарына О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер кол­леджінің арнайы пән оқытушысы М.Өскенбай, Ә.Қастеев атын­дағы Мемлекеттік өнер музейінің ғылыми қызметкері Н.Баженова және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы колледжінің арнайы пән оқытушысы Г.Қастеева қазылық етті.

Іс-шара соңында сөз алған Түркістан қалалық қолөнер мектебінің мұғалімі Қ.Тасов қазақтың қолөнерін насихаттап, жастардың ұмтылысын оятатын, тәжірибе алмасатын осындай байқаулар, шеберлік сабақтары жиі ұйымдастырылсын деген тілегін білдірді.

 

Шұғыла ОЛЖАС.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close