ЖАС ТАЛАНТ

Бостандық ауданына қарасты №40 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында «JAS TALANT – 2019» атты ән-би байқауы өтті. Байқауды Бостандық ауданы әкімі аппаратының қолдауымен бастауыш сынып мұғалімі Әсел Жақсылықова ұйымдастырды.

Өнер байқауына 6–12 жас аралығын­дағы өнерпаздар қатысты. Сайысқа қа­тысқан барлық бала да құрметке лайықты. Ән салып, би билеген өрендерге сүйсін­беген жан қалмады. Осындай өнерлі де сүйкімді балалар өсіп келе жатқанына қуандық.

Байқаудың қорытындысында эстрада­лық вокал номинациясы бойынша бас жүлдені Қазақстанның халық жазу­шысы Ерғалиев Хамит ағамыздың немересі Ерғали Кәусар «Анашым» әнімен жеңіп алды. Ал би жанры бойынша бас жүлде «Лезгинканы» орындаған 1 «ә» сынып оқушысы Серік Амандосқа бұйырды.

Іс-шара соңында мектеп директоры Асқар Сарбағысов өнер байқауының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ата-аналарға, бір ай бойы күні-түні еңбек еткен бастауыш сынып мұғалімдері – Әсел Берікқызына, Ұлбала Мұханқызына және музыка пәнінің мұғалімі Ринат Мұрат­ұлына алғыс білдірді.

Бостандық ауданы бойынша жас ұр­пақты рухани жағынан тәрбиелеу мақ­сатындағы осындай іс-шаралар жалғасын таба беретіні сөзсіз.

 

Ермек ЕРБОШАЕВ,

№40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *