ЖАС СУРЕТШIЛЕРДIҢ ТАРТУЫ

№7 Оқушылар үйiнде «Қазақстан – бiздiң ортақ үйiмiзө» атты Түрксiб Бесжылдығы аймақтық сурет көрме-байқауы болып өттi.

Балаларға «Менiң сүйiктi ауданым!» тақырыбында Түрксiб ауданының соңғы 20 жылдағы келбетiн бейнелеу тапсырылыған болатын. Бұл кезеңнiң жеңiмпаздары болып, Бас жүлденi Әбдiқанов Дастан, байқаудың II кезеңiнде қылқалам иелерi «Менiң Отаным – Қазақстан!» тақырыбында салған суреттерiнiң қорытындысы бойынша: Милохина Анастасия №17, Шестерикова Карина №7 Оқушылар үйi, Рец Алена №7 Оқушылар үйi, Ларионова Екатерина №17, Тимофеева Анжелика №7 Оқушылар үйi жеңiмпаз атанды.Сондай-ақ, iс-шара барысында мектеп мұғалiмдерiне әдiстемелiк көмек ұйымдастыру мақсатында бейнелеу және қолөнердегi кәсiби шығармашылықтарын дамытуға жетелейтiн үлкен бiр маңызды iс – ол пән оқытушыларына арнайы ұйымдастырылған.

«Қазiргi инновациялық технологияларды сабақ барысында қолдану» атты шеберлiк сабағы өттi. Бұл шеберлiк сабағын Абай атындағы Алматы Ұлттық педагогикалық университетiнiң «Көркемсурет» факультетiнiң аға оқытушылары: Гүлнара Ибрагимова, Светлана Қырғызбекова өткiздi.

Д. АБИРОВА,

№7 Оқушылар үйi директорының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *